БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері университет түлектерімен кездесу өткізді. Кездесуге дизайн, құқықтану, қаржы, менеджмент, ақпараттық жүйелер және басқа да мамандықтардың студенттері қатысты.

Шара барысында түлектер сала мамандарынан қызмет бағыттарын, жұмыс істеу талаптарын, сондай-ақ жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін сұрап білді.

Кездесу соңында ерекше белсенділік танытқан студенттерге жұмыс берушілер тарапынан имидждік өнімдер ұсынылды.

Мұндай іс-шаралар жас мамандардың мансаптық өсуіне және мемлекеттік мекемелерде еңбек жолын бастауға деген қызығушылығын арттырады.

#SDG #ЦУР #ТДМ