ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР КӘСІБИ ПРАКТИКАҒА ЖІБЕРІЛДІ

Мамыр айының 16-жұлдызы Журналистика кафедрасының ЖҚ311, ҚБҚ311 тобы өндірістік, ЖҚ211-212 тобының білім алушыларын оқу практикасына жіберуге байланысты бағыттау конференциясы өтті. Кафедра оқытушылары кәсіби практика бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, білім алушылардың қауіпсіздікке көңіл бөле отырып, өз біліктерін шыңдап келуге кеңес берді. Өндіріс базасында өздеріне тиісті белгіленген бем материалды БАҚ құралдарында жариялап келу міндеттелді. Әр күннен естелік қалдырып, өздеріне берілген санаулы сәтті тиімді пайдалану қажетілігі дәріптелді. Басқосу соңында әр білімгерге жолдама берілді.