«ШЕКАРАСЫЗ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде академиялық ұтқырлық аясында «Шекарасыз білім мен ғылым: жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараға Жетісу университетінің Жаратылыстану-техникалық факультеті, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің және Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің өкілдері қатысты.

Конференция барысында жаратылыстану, техникалық, аграрлық және педагогикалық ғылымдарды дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Студенттердің «Агрономия», «Экология», «Химия», «Биология» және «География» білім беру бағдарламалары бойынша академиялық ұтқырлығын арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Конференция аясында бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және академиялық тәжірибелер ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды. Қатысушылар серіктестік байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдіріп, 2025–2026 оқу жылына арналған бірлескен жұмыс бағыттарын айқындады.

#SDG #ЦУР #ТДМ