Міндетті үш жылдық жұмыс өтемі бойынша түсіндірме жұмыстары

05 маусымда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2024-2025 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде Бакалавриат түлектеріне «Міндетті үш жылдық жұмыс өтемі» бойынша Жетісу облысының білім басқармасының өкілі С.Саманова ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

Биылғы оқу жылында бакалавриатта жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты негізінде 91 білім алушы (Жетісу облысы бойынша – 77 түлек, Алматы облысы бойынша – 14 түлек) оқуларын аяқтағалы отыр. Оның ішінде педагогика және психология факультетінде – 1, гуманитарлық факультетінде – 34, жаратылыстану-техникалық факультетінде – 14, физика-математика факультетінде – 16, құқық және экономика факультетінде – 5, дене шынықтыру және өнер факультетінде – 20.

Түлектерге Жетісу облысы бойынша ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындардан бос жұмыс орындары ұсынылды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты — жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты бойынша бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру.

#SDG #ЦУР #ТДМ