Білім беру бағдарламасы6В01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
БББ мақсаты Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзету, әлеуметтік бейімдеу саласында арнайы құзыреттері бар мамандарды даярлау.
БББ түріәрекететуші
ҰБШ бойынша деңгей6
СБШ бойынша деңгей6
Берілетін академиялық дәреже  «6В01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Оқыту мерзімі 4
Кредиттердің көлемі 240
Оқыту тіліқазақ, орыс
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартПедагог
                              Оқытудыңнәтижесі
1Әлемнің ғылыми, философиялық және діни картиналарын, Қазақстан аумағындағы әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың тарихи ерекшелігі мен құрылу ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының тарихын түсінеді және біледі.
2Адамның адамға, қоғамға, ортаға, адамзат дамуының қазіргі кезеңіндегі қарым-қатынас психологиясына, жас мамандардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды біледі.
3Нарықтық экономика негіздерін, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін, экология мәселелерін біледі..
4Білім берудің жаңартылған жүйесінде – оқылым, айтылым, тыңдалым және жазылым бойынша сөйлеу қызметінің негізгі түрлерінен білімдерін көрсетеді.
5Білім беруді және жалпы кәсіптік ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мен перспективаларына, педагогикалық ғылымды зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістеріне баға береді.Оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық технологиялар туралы алған білімін қолданады.
6Бастауыш білімнің ерекшелігін, құндылығын біледі, мектепке дейінгі, кіші мектеп және жасөспірімдерді тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтендіру сабақтастығын іске асыруға қабілетті.
7Ақпараттық технологиялардың озық жетістіктеріне негізделген білімді пайдаланады, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерін меңгерген.
8Төменгі сынып оқушы тұлғасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, психологиялық және әлеуметтік дамуы заңдылықтарын талдайды және есепке алады.
9Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартын және оқу бағдарламаларын, кәсіптік міндеттерді шешуде бастауыш мектептің оқу пәндерін оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесін түсінеді.
10Оқу материалын таңдау кезінде іріктеуді және біріктіруді пайдаланады: қажетті дидактикалық материалдарды өз бетінше дайындайды,бастауыш мектептің оқу үдерісінде оқытудың техникалық құралдарын қолданады, оқу-тәрбие үдерісінің жобаларын әзірлейді және іске асырады, білім беру сапасын арттыруға ықпал ете отырып, педагогикалық мәселелерді шешеді.
11Оқу-тәрбиені жоспарлау кезінде шағын жинақты мектептің педагогикалық үдерісін ұйымдастыру теориясы мен оқыту әдістемесін талдайды.
12Ерекше білім беру қажеттілігі бар кіші мектеп оқушысының балаларымен жұмысты жоспарлайды.