Білім беру бағдарламасы6В01501 – Математика
БББ мақсаты Педагогика, математиканы оқыту әдістемесі салаларында қазіргі заманғы ғылыми-практикалық деңгейде әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шығармашылық және жоғары кәсіби түрде шешуге қабілетті, кәсіби және ғылыми құзыреттерге ие жаңа білім маманын дайындау
БББ түріәрекет етуші
ҰБШ бойынша деңгей6
СБШ бойынша деңгей6
Берілетін академиялық дәреже  «6В01501 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Оқыту мерзімі 4
Кредиттердің көлемі 240
Оқыту тіліқазақ, орыс, ағылшын
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні07.04.2021 (хаттама № 4)
Кәсіби стандартПедагог
                             Оқытудың нәтижесі
1Әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылымдар саласындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың қазақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі контексінде көптілді ортада тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас кезінде белсенді азаматтық ұстанымды білдіреді
2Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді ұғынуға инновациялық тәсілдерді бағалауға және қолдануға қабілетті
3Даму процестерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін болжай, жоспарлай және басқара алады
4Практикада классикалық және қазіргі заманғы физика теорияларын қолдануды, негізгі математикалық объектілер мен ұғымдары туралы білімдері мен түсініктерін көрсете алады, байқалатын фактілер мен құбылыстарды математикалық әдістермен талдауға және синтездеуге қабілетті
5Адам қызметінің әр түрлі салаларының практикалық міндеттерін шешуде заманауи геометрияның іргелі білімдерін қолдана алады
6Математиканың классикалық бөлімдері саласында эксперименттер жүргізеді, типтік есептерді кәсіби деңгейде шешу тәсілдерін, математикалық терминологияны, математикалық ойлау әдістерін меңгереді
7Есептерді шешу әдістемесін меңгеруге, стандартты және стандартты емес есептерді шеше білуге, оқу жұмысында пәнішілік және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға, математикалық білім беру моделдерін құруға, оқыту принциптерін, математиканы оқытудың әдістері мен технологияларын меңгеруге, логикалық пайымдаулар жүргізе білуге, математикалық білімді кез келген тілде ауызша және жазбаша дұрыс ұсыну және тұжырымдарды дәлелді негіздеуге қабілетті
8Білім берудің жаңартылған мазмұнының ерекшеліктерін, инклюзивті білім беруді, шағын жинақты мектептерде математиканы оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін бағалайды, оқушылардың күтілетін нәтижелерін критериалды бағалау технологиясын пайдаланады, болашақ кәсіби қызметте жаңартылған білім мазмұнының стратегиясын қолданады