Білім беру бағдарламасы6B03101 Психология
БББ мақсаты Психодиагностиканың, психокоррекцияның және психологиялық кеңес берудің заманауи әдістерін тиімді қолдануға қабілетті білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, бизнес және кәсіпкерлік, халыққа әлеуметтік көмек саласындағы кәсіби міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған бәсекеге қабілетті психологтарды даярлау.
БББ түріЖаңа БББ
ҰБШ бойынша деңгей6
СБШ бойынша деңгей6
Берілетін академиялық дәреже   бакалавр
Оқыту мерзімі 4
Кредиттердің көлемі 240
Оқыту тіліқазақ, орыс
Басқарма отырысында  БББ бекітукүні21.10.2021 (хаттама № 5)
Кәсіби стандарт 
                              Оқытудыңнәтижесі
1Жеке тұлға дамуының жеке психологиялық факторларын саралай отырып, психологиялық ғылымның проблемалары туралы іргелі білімді көрсету.
2Құқықтық, кәсіпкерлік, мәдени, экологиялық ортадағы қоғамдық әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді түсінудің инновациялық тәсілдерін бағалау және қолдану.
3Адамның психоэмоционалды жағдайының ықтимал асқынуларын уақтылы анықтау, алдын-алу және конфликтті жағдайларды шешу үшін адамның дамуының табиғаты, механизмдері, құрылымы және өлшемдері туралы білімді қолдану.
4Гендерлік, жас ерекшелік,  физиологиялық және мәдени факторлардың әсерін бағалай отырып, тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктерін талдау.
5Кәсіби қызметте қоғамдық пікірге, дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарға бағытталу.
6Жеке тұлғаның құндылығы мен бірегейлігі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, жеке тұлға мен топтардың қызметіне психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру.
7Командада жұмыс істеу, жаңа шешімдерді ұсынудың, әр түрлі әлеуметтік жағдайларда дұрыс бағдарлаудың жеке көзқарасын сақтай және дұрыс қорғай білу.
8Ғылыми этика және академиялық адалдық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, теориялық, эмпирикалық және математикалық, статистикалық әдістерді қолдана отырып, психологиялық зерттеуді өз бетінше жоспарлау және ұйымдастыру.
9Тұлғаның психологиялық денсаулығын сақтауға, нығайтуға және дамытуға бағытталған өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі кемелдендіру процестерін сүйемелдейтін психологтың білім беру қызметіндегі инновацияларды бағалау және қолдану.
10Психологиялық диагностика жүргізу, алынған деректерді өңдеу және түсіндіру.
11Клиенттің мәселелерін және оның жеке ерекшеліктерін жақсы түсінуге бағытталған жұмыстың арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, жеке және топтық кеңес беру көмегін көрсету.
12Ауытқуды түзетуге бағытталған жеке тұлғаның белгілі бір психикалық функцияларына, қасиеттеріне немесе мінез-құлқына әсер ететін психокоррекциялық жұмысты жүргізу.