ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Құқық саласы бойынша білім беру бағдарламаларының профессорлық-оқытушылық құрамы – бұл оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу мәселелерін, сондай-ақ БББ мен жоғары мектептің тәрбие жұмысына қатысты мәселелерді шешуге қабілетті ұйымшыл ұжым. Қазіргі таңда Құқық саласы бойынша БББ профессорлық-оқытушылық құрамы 30 оқытушыдан тұрады, оның ішінде 1 заң ғылымдарының докторы, профессор; 1 заң ғылымдарының кандидаты, профессор; 1 заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент); 4 з.ғ.к.; 2 философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор; 4 философия докторы (PhD); 1 тарих ғылымдарының кандидаты және 1 ЖУ-нің құрметті профессоры бар.


І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құқық саласы бойынша БББ іргесі 2008 жылы қаланған. БББ ашылған сәттен бері болашақ заңгерлерге келесідей білікті ғалымдар дәріс оқып, педагогикалық қызмет атқаруда: з.ғ.д., профессор Д.С. Чукмаитов, з.ғ.к., профессор Б.А. Сериев, з.ғ.к., қауымдастырылған профессорлар (доцент) Е.Ж. Беисов және Б.К. Чингаева, з.ғ.к. Досымбет Қ., философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Б.Р. Таубаев, философия докторлары (PhD) Б.Ж. Айтимов, Д.Н. Бекежанов және Ө. Қалдарбекұлы, ЖУ-нің құрметті профессоры Молдабеков Б.Е., олармен қатар заң ғылымдарының магистрі, оқытушы-дәріскерлер Д.И. Ашимова, Д.Т. Нұрбек, М.Р. Қонысбекова, Ә.А. Болат, Г.А. Жакупова және оқытушы-ассистенттер М.М.Әлекбаева мен А.Б.Тлеубаев қызмет атқарып келеді.


Құқық саласы бойынша БББ ғылыми дәрежелілігі 50% құрайды. БББ ұжымы барынша тату, бірлігі күшті, белгілі бір мақсатта жұмыс істеуге бағытталған оқытушылардан құралған ұжым болып табылады.
Әр жылдары БББ жетекшісі қызметін атқарған оқытушылар:
- 2008-2009 жж. з.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Е.Ж. Беисов;
- 2009-2015 жж. з.ғ.к., профессор Б.А. Сериев;
- 2015-2017 жж. философия докторы (PhD) А. Алтынбекқызы;
-2017-2021 жж. философия докторы (PhD) Б.Ж. Айтимов,
- 2021 жылдан бастап Құқық саласы бойынша БББ-ның жетекшісі болып философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Нұрмуханқызы Дания тағайындалды.


БББ ҚР Жоғарғы соты мен Алматы облыстық (қазір Жетісу облысы) сотының қаржылық қолдауымен ашылған Сот мәжіліс залы жұмыс істейді. Сот отырысы залында Талдықорған қалалық сотының төрағалары қылмыстық, азаматтық және әкімшілік-құқықтық бұзушылықтар бойынша сот процестерін жүргізеді. БББ-ның криминалистика зертханасы да өз деңгейінде жұмыс істеуде. Зертхана заманауи техника мен ақпараттық технологияларымен қамтамасыз етілген. Криминалистика зертханасында БББ-ның оқытушы-дәріскері Д.И. Әшімова дәріс оқиды.
- БББ 6В04201-Құқықтану бакалавриат;
- БББ 6В04202-Құқық қорғау қызметі бакалавриат;
- БББ 6В04203-Халықаралық құқық бакалавриат;
- БББ 7М04201-Құқықтану магистратура (бейіндік бағыты);
- БББ 7М04201-Құқықтану магистратура (ғылыми-педагогикалық бағыты);
- БББ 7М04203-Құқықтану: қылмыстық-құқықтық бағыт магистратура (ғылыми-педагогикалық бағыты);
- БББ 8D04201-Құқықтану докторантура.
- ЭПК Құқықтану бакалавриат 2019
- ЭПК Құқықтану бакалавриат 2020
- ЭПК Құқықтану бакалавриат 2021
- ЭПК Құқықтану бакалавриат 2022
- ЭПК Құқық қорғау қызметі бакалавриат 2022
- ЭПК Халықаралық құқық бакалавриат 2022
- ЭПК Құқықтану магистратура бейіндік бағыт 2022
- ЭПК Құқықтану магистратура ғылыми-педагогикалық бағыт 2021
- ЭПК Құқықтану магистратура ғылыми-педагогикалық бағыт 2022
- ЭПК Құқықтану: қылмыстық-құқықтық бағыт магистратура ғылыми-педагогикалық бағыт 2022
- ЭПК Құқықтану докторантура 2021
- ЭПК Құқықтану докторантура 2022
БББ жұмысының негізгі бағыты – оқытушылардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру, жұмыста инновациялық технологияларды меңгеру және қолдану, оқытатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу және 6В04201 – Құқықтану, 6В04202 – Құқық қорғау қызметі және 6В04203 – Халықаралық құқық БББ бойынша құқық бакалаврларын, сондай-ақ 7М04201 – Құқықтану, 7М04203 – Құқықтану: қылмыстық құқықтық бағыт білім беру бағадарламалары бойынша магистрлерін, сонымен қатар 8D04201-Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша философия докторларын даярлау болып табылады.
Құқық саласы бойынша білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби мамандарды дайындайды. Оқу үрдісінде студенттер, магистранттар және докторанттар Қазақстан Республикасының барлық құқық салалары бойынша терең білім алады. Білімгерлер құқық қорғау органдары, сот, ұлттық қауіпсіздік комитеті, дипломатиялық қызмет, коммерциялық құрылым қызметкерлеріне қажетті арнайы білімді жан-жақты меңгереді.
БББ-ның оқытушылары облыстық құқықтық қорғау органдарымен бірлескен жұмыс жүргізуде. Осыған байланысты зерттеу қызметін көрсету, криминалистика, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік және басқа да құқықтық қатынастар саласындағы ғылыми ынтымақтастық, семинарлар өткізу, оқу өндірістік, зерттеу және педагогикалық практикаларынан өту бағытында ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізді. Жетісу облыстық полиция департаментінің және т.б. жұмыс берушілер кеңесінің өкілдері келіп оқу-тәрбие жұмысымен танысып мастер-класстар өткізуде.
Құқық саласы бойынша БББ жыл сайын аудандық, респбуликалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға жиі қатысуда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ҒжЖБ министрлігінің ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен ұсынылған ғылыми журналдарында, және де Ресейдің дәйексөз ғылыми индексі (РИНЦ) базасында тіркелген ғылыми журналдарында өзекті мәселелерге қатысты мақалалар жариялайды.
БББ Талдықорған қалалық полиция басқармасымен бірге криминология, криминалистика, қылмыстық процесс мәселелері мен қылмыстық құқық бұзушылықты алдын-алу мәселелері бойынша зерттеулер жүргізеді. Сондай-ақ, Жетісу облыстық құқық қорғау органдарымен бірге ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
БББ-ның оқытушы-профессорлар құрамы Scopus және Web of Science халықаралық журналдар базасында ғылыми мақалаларды жыл сайын жоспарлап жариялайды.
Құқық саласы бойынша БББ Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетімен, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетімен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен, Л.Гумилев атындағы Еуразия ҰУ-мен, Кадиз университетімен (Испания), Варшава мемлекеттік университетімен және Лодз гуманитарлық-техникалық университетімен (Польша) тығыз серіктестік қатынаста.
Философия докторы (PhD) Айтимов Б.Ж. Таллин Технологиялық университетінде (Эстония), оқытушы-лектор Молдабеков Б.Е. Ресей Федерациясының Сібір федералдық университетінде, сонымен қатар Мәскеу қаласындағы Ресей Халықтар достығы университетінде з.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Беисов Е.Ж., оқытушы-лектор, з.ғ.м., Ашимова Д.И. Фатих университетінде (Туркия, Стамбул) және Болат Ә.А. пен А.Б. Тлеубаев Генуя университетінде (Италия, Генуя), сондай-ақ Ғ.Б. Ахмет Корвинус университетінде (Венгрия, Будапешт) халықаралық – ғылыми тағылымдамадан өткен болатын.
Сонымен қатар студенттер арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келесі студенттер білім алды:
1) Оразбаева Мадина Муратовна 3-курс білімгерлері, Лодзь техникалық университетінде білім алуда (Польша)
2) Ермурат Бибигуль 3-курс білімгерлері, Лодзь техникалық университетінде білім алуда (Польша)
3) Тахтабекова Таншолпан 3-курс білімгерлері, Лодзь техникалық университетінде білім алуда (Польша)
Жетісу облысының Полиция департаменті және Талдықорған қалалық Полиция басқармасының ұйғаруы мен Құқық саласы бойынша БББ бастамасының негізінде университеттік «Жас қыран» құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету студенттік жасақ құрылып, өз қызметін атқаруда.
БББ оқытушылары студенттердің ғылыми жұмыстарына көп көңіл бөледі. Оларды студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияларға дайындайды. Студенттерге арналған ғылыми үйірмелер ұйымдастырады. Оқытушы-дәріскер, з.ғ.м., Әшімова Д.И. «Жас криминалист» атты ғылыми үйірмеге жетекшілік етеді.
Сондай-ақ, БББ мүшелері Жетісу университетімен жиі ұйымдастырылатын білімгерлер арасындағы спорттық мерекелерге жиі ат салысып қатысады. Сонымен қатар, оқу жылында студенттер БББ оқытушыларының басшылығымен барлық Қазақстан Республикасының мемлекеттік мейрамдарын әзірлеуге және ұйымдастыруға белсенді көмек көрсетуде.
Қоғамдық тәрбие жұмысы ретінде БББ-ның профессор-оқытушы құрамының кәсби білімін жоғарылату мақсатында мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен кездесулер, дөңгелек үстелдер және т.б. қоғамдық іс-шаралар өткізілуде.


2018 жылы з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Е.Ж. Беисов ҚР БжҒМ-нің "Ы.Алтынсарин" атты төсбелгісімен марапатталды.


2018 жылы философия докторы (PhD) Б.Ж. Айтимов жәнеБББ оқытушы-дәріскері Ә.А. Болат Алматы облыстық полиция департаментінің "ҚР ІІМ - 25 жыл" атты медалімен марапатталды.


2018 жылы қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD) Д.Нұрмуханқызы "ЖОО-ның үздік оқытушысы 2018" атағына ие болды.


2019 жылы Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің рейтингісі бойынша 5В030100-Құқықтану мамандығы 3-орынға және 6М030100-Құқықтану мамандығы 2-орынға ие болды


2019 жылы қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD) Б.Р.Таубаев "ЖОО-ның үздік оқытушысы 2019" атағына ие болды.


2020 жылы қауымдастырылған профессоры м.а., философия докторы (PhD) Т.Б.Жумагулов "ЖОО-ның үздік оқытушысы 2020" атағына ие болды.


2020 жылы оқытушы-дәріскері Д.Т. Нұрбек "Bilim-Orkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының "Үздік педагог -2020" атты төсбелгісімен марапатталды.


2020 жылы БББ құрметті профессоры Б.Е. Молдабеков қоғамдық тәртіпті сақтауда және жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға қосқан зор үлесі үшін Талдықорған қаласы әкімінің "Құрмет" грамотасымен және ішкі істер органдарының жұмысына белсенді қатысқаны және зор үлесі қосқаны үшін ҚР ішкі істер министрінің арнайы "Мадақтамамен" марапатталды


2021 жылы қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD) Д.Н.Бекежанов "ЖОО-ның үздік оқытушысы 2021" атағына ие болды.
Молдабеков Болат Есенгалиевич
з.ғ.м, оқытушы - дәріскер
Сериев Болат Абдулдаевич
профессор, з.ғ.к.
Таубаев Бауржан Рыспекұлы
қауымдастырылған профессор (PhD) докторы
Беисов Ербол Жаксыбекович
қауымдастырылған профессор(доцент), з.ғ.к.
Нұрмуханқызы Дания
БББ -ң жетекшісі қауымдастырылған профессоры, (PhD) докторы
Жумагулов Тимур Байжуманович
оқытушы - дәріскер , (PhD) докторы
8(7282) 22-21-23
+7(702) 2655714 zhumagulov.timur@mail.ru