Высшая школа физической культуры и искусства

Іс-тәжірибе бойынша қорытынды конференция өткізілді.

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру білім беру бағдарламасының 1,2 курс БДҚ 111, БӘДжДШҚ 211,212,213 топ білімгерлеріне педагогикалық іс-тәжірибе бойынша қорытынды конференция өткізілді.

ІІ- орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Алматы қаласында ұзын қашықтыққа шосседе жүгіруден, найза, диск лақтырудан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 13 облыс және 3 қаладан 318 спортшылардың арасынан Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 2 курс білімгерлеріОмар Айбол 10км қашықтықта І- орынНұрмұхамбет Анеля найза лақтырудан ІІ- орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қорытынды есеп!

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің кезекті кеңесі өтті. Кеңесте күн тәртібіндегі сұрақтар қарастырылып оқу жылының бірінші жарты жылдығында атқарған жұмыстары бойынша декан Е.Утегеновтің қорытынды есебі тыңдалды. Кеңестің соңында бір топ профессорлық – оқытушылар құрамымен қызметкерлерге және үздік білімгерлердің ата – аналарына жыл бойы қоғамдық іс-шараларға қосқан еңбектерін ескеріп алғыс хатпен марапаттады.

«Кемелденген ел болудың кепілі – саналы ұрпақ тәрбиесі»

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері К.Джанабаев және оқытушы – ассистенті К.Шалабаеваның ұйымдастыруымен «Кемелденген ел болудың кепілі – саналы ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

«Ұлттық киім күні»

18.03.2024жылы Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің профессорлық оқытушы құрамымен қызметкерлері «Ұлттық киім күні» челленджін ұсынады. Ұлтымыздың құндылықтарын бірге дәріптеп, ұлттық қазынамыздың қадіріне жете білейік. «Ұлттық киім күні» челленджін Жетісу университетінің барлық жоғары мектептеріне ЖОЛДАЙМЫЗ!

ІІІ-орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Алматы облысы, Қарасай ауданында Республикалық олимпиадалық даярлау базасында Еркін күрестен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 2 курс білімгері Шаймұран Бедел 65 кг салмақ дәрежесінде ІІІ-орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні»

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Наурыз мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі, Техникалық ғылымдар жоғары мектебімен бірлесе отырып «Мәдениет және ұлттық салт – дәстүр күніне» арналған іс-шара өткізді.

«Шабыт» еріктілер тобы

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің «Дизайн»,«Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламаларының білімгерлерінен құрылған «Шабыт» еріктілер тобы қаламыздағы «облыстық мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі кішкентай бүлдіршіндерімізбен түрлі конкурстар және ойындар ойнатып көңілдерін көтере отырып, естен кетпес кеш сыйлады. Кішкентай бүлдіршіндеріміз өз алғыстарын білдірді.