Ғылыми семинар

2026 жылғы 12 ақпанда факультетте «Докторлық диссертацияны дайындау және қорғаудың маңызды кезеңдерімен таныстыру» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Семинар спикері 8D015 – жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау бағыты: 8D01501 – Математика білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, PhD Гаврилова Е.Н. докторлық диссертацияны даярлаудың негізгі кезеңдері, диссертациялық жұмысты талаптарға сәйкес рәсімдеу, ғылыми жұмыстың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ диссертациялық зерттеуді алдын ала қорғау мен қорғау рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Семинар барысында қатысушылар ғылыми жарияланымдарды дайындау, академиялық адалдық қағидаларын сақтау және ғылыми-зерттеу жұмысының сапасын арттыру бойынша ұсынымдар алды. Семинар ашық диалог форматында өтіп, докторанттар мен жас зерттеушілерге өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, докторлық диссертацияны даярлау барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Осындай іс-шараларды ұйымдастыру білім алушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға, зерттеу мәдениетінің деңгейін арттыруға және ғылыми кадрларды даярлау сапасын жетілдіруге ықпал етеді.