Елімізде сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің күшеюіне байланысты кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. Осы орайда қысқы емтихандарға байланысты ТҚ 111, ИР111 топтарының эдвайзері Абиров Данияр Акапарович «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тәрбие сағатын өткізді. Білімгерлер ойларын ашық білдіріп, біздің заманда, жастар арасында жемқорлық деген азайды, біздер орта жасқа келгенде тіпті мемлекет төңірегінде жемқорлық түбегейлі жойылады деген пікірлерін айтты.