Жетісу университетінде Huawei АКТ академиясы ашылды

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде , ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша кадрлар даярлауға арналған Huawei академиясының ашылуы өтті. Іс-шараға Жетісу аудандық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті директорының орынбасары Ұлан Несіпқалиев, профессорлық-оқытушылар құрамы мен университет студенттері қатысты. Университет пен компания арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға басқарма төрағасы-ЖУ ректоры Е.Бөрібаев пен Huawei Technologies Kazakhstan бас директорының орынбасары М. Сю Хай қол қойды. Меморандум ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды бірлесіп даярлауды, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, ғылыми зерттеулер жүргізуді және инновациялық өнімдерді жасауды көздейді.

Huawei Technologies Co. Ltd. әлемдегі ең ірі телекоммуникациялық компаниялардың бірі болып табылады. Біз әлемнің барлық университеттеріне білім және ғылым саласындағы бағдарламалар бойынша ынтымақтастықты ұсынамыз. Бұл халықаралық білім беру бағдарламасы студенттерді IT саласында тереңірек оқытуға арналған. Мен Жетісу университетінде Huawei академиясының ашылуына өте қуаныштымын және екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бейілмін», — деді Сю Хай мырза.

Huawei академиясы барлық соңғы аппараттық және бағдарламалық құралмен жабдықталған. Онда Жетісу университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы, ақпараттық-коммуникациялық технология мамандары тағылымдамадан өтіп, біліктіліктерін арттырады. Болашақта университет студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы Huawei филиалдарында тағылымдамадан өтіп, өндірістік және ғылыми-зерттеу тәжірибесін ала алады. (https://www.huawei.com/kz-ru/news/kz/2024/news-huawei-ktzh-academy)