Enactus Zhetysu

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы «Enactus Zhetysu» командасын әлемдік чемпионатқа шығарып салды.⠀

«Enactus Zhetysu» командасының жетістіктері орасан, еңбегі зор.⠀

Сіздерге тек университет емес, бүтін республика жауапкершілік жүгін артып отыр. Университет атынан барынша қолдау көрсеттік. Әлемдік чемпионатқа сеніммен аттанып, жарқын жеңіспен оралыңыздар!» — деді басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев.⠀

Университеттің ардагер оқытушылары Амангелді Катенов пен Дүйсен Аңсабаев жарысқа қатысушыларға ақ батасын беріп, жігерлі сөздерін арнады.⠀

Айта кетейік, қазанның 2-4 күндері Қазақстанда тұңғыш рет ENACTUS Студенттік кәсіпкерліктің әлемдік кубогы өтеді. Оған әлемнің 33 елінен студенттер, кәсіпкерлер, академиялық көшбасшылар мен корпоративтік бизнес басшылары қатысады.⠀

Чемпионатта еліміздің намысын І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттерінен құралған «Enactus Zhetysu» командасы қорғайды.