№ | Оқытудың нәтижесі |
1 | оқытушылық қызметке және пәнаралық білімді біріктіруге қабілетті; педагогика және педагогиканы оқыту әдістемесі саласындағы мәселелерді, технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді тануға және оларды өзінің кәсіби қызметінде ескеру қабілетіне ие |
2 | ҚР-дағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер және әлемдік ғылым туралы білімдерін көрсетеді; озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және жүйелеуге қабілетті; білім берудің түрлі салаларындағы міндеттерді жүйелі шешуге бағытталған фундаменталды зерттеулер мен ғылыми-практикалық инновациялық әзірлемелерде құзыретті |
3 | ғылыми-зерттеу және талдау жұмыстарының нәтижелерін диссертация, ғылыми мақала, есеп, аналитикалық жазба және т. б. түрінде жинақтай алады; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды тарта отырып, ақпараттық-талдау және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізе алады |
4 | ғылыми зерттеулер үдерісін ұйымдастыру, жоспарлау және іске асыру; зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық концепцияларды талдау, бағалау және салыстыру және қорытынды жасау; заманауи теориялар мен талдау әдістері негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын өзіндік ғылыми зерттеу жүргізу |
5 | жоғары оқу орындарында ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында құзыретті; білім беру мазмұнын және оқыту технологиясын даярлаудың теориялық-әдістемелік негіздері саласында; білім беру мазмұны мен оқыту технологиясының принциптерін дефинациялай алады |
6 | эксперименталды педагогика мен психология негіздерін, докторлық диссертацияны жазу кезінде эксперименталды психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдану ерекшеліктерін білуін көрсетеді; қажетті ғылыми-әдістемелік материалдарды іріктеу шеберлігіне ие; қалыптасқан жағдайды талдауға қабілетті; зерттеуді модельдей алады |
7 | тұлғааралық қарым-қатынас және адам ресурстарын басқару мәселелерінде құзыретті; ұжымды басқару және көшбасшылық басқару; педагогикалық және ғылыми ортада, еңбек әрекетіне әлеуметтену дағдысын меңгерген; ғылыми зерттеулер мен күрделі жобаларды ұйымдастыруға және басқаруға қабілетті; абстрактілі жүйелік-аналитикалық ойлау қабілетіне ие; командада жұмыс істеуге дайын |
8 | ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық жұмыстарды ұйымдастыруда тәжірибе жүзінде дағды мен іскерлікті ұйымдастырады; кәсіби құзыреттілік шеңберінде өз шешімдері үшін жауапкершілікті қабылдауға, проблемалық жағдайларда стандартты емес шешімдерді әзірлеуге қабілетті |
9 | оқу-тәрбие процесінің табыстылығын болжаудың педагогикалық шеберлігіне ие; жеке тұлға мен ұжымды диагностикалау дағдысы; жеке тұлға мен ұжым дамуын жобалау дағдысына ие |
10 | білуді талдайды және синтездейді; жоғары мектептегі жаңашылдық алгоритмін, инновациялық үрдістің заңдылықтарын ранжирлеуге қабілетті |