ДЕНСАУЛЫҚТЫ БАЛА КЕЗДЕН САҚТАҒАН ЖӨН

Мақсаты: Білімгерлерге денсаулықты бала кезден сақтаған жөн туралы білім беру, тренингтер арқылы ақпаратты жеткізу, сауаттылықты қалыптастыру. Өйткені «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» әлдеқайда оңай әрі тиімді. Бүгінгі таңда денсаулықты құртатын тағы бір себеп: артық салмақ не салмақтың жеткіліксіздігі. Артық салмақтылардың көбінде қант диабеті, артрит, жүрек-қантамыр ауруларымен ауыру ықтималдығы жоғары. Яғни деннің сау болуы үшін дұрыс тамақтанудың орны маңызды. Дана халқымыз «Ауру – астан» деп бекер айтпаған. Сау адамның тамақ рационында ақуыз бен майлар, көмірсу жеткілікті мөлшерде болуы шарт. Ет пен сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, табиғи әрі құнарлы тамақтарды пайдаланған абзал. Тез дайындалатын тамақтар (пицца, гамбургер, қытырлақ чипстер мен фри, т.б.), газды сусындар, көп мөлшердегі қант, дүкен йогурттары мен тәтілерінен бас тартқан жөн. Осы орайда қысқы емтихандарға байланысты ТҚ 111, ИР 111 топтарының эдвайзері Абиров Данияр Акапарович кураторлық сағат өткізіп,  білімгерлер ойларын ашық білдірді.