Жетісу университетінің студенттері «Ақылды шешім – сенімді қадам» жобасына қатысты!

2025 жылдың 6–7 қараша күндері Ескелді ауданындағы «Тау Жетісу» демалыс аймағында әйелдердің көшбасшылық, қаржылық және құқықтық құзыреттерін дамытуға арналған «Ақылды шешім – сенімді қадам» атты екі күндік оқыту жобасы өтті.

Аталған жобаға Жетісу университетінің журналистика мамандығының 2-курс студенттері қатысып, өз білімдерін толықтырып, тәжірибелік бағыттағы семинарлардан мол әсер алды. Семинарды қаржы саласының маманы Асел Жарасқалиқызы Түлеуғалиева жүргізіп, қаржыны тиімді басқару, дұрыс мақсат қою және армандаудың маңыздылығы жайлы пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Екі күндік жоба студенттер үшін маңызды тәжірибе болды. Олар жаңа ақпарат алып қана қоймай, өздерінің көшбасшылық қабілетін дамытып, қаржылық сауаттылығын арттырды. Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Мұндай жобалар Жетісу университеті студенттерінің кәсіби және тұлғалық дамуына зор үлес қосады.

AI Assistant