ПАРАСАТТЫ САУАТТЫЛЫҚ

2023 жылдың 15 қыркүйегінде Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің Шетел тілдері және аударма ісі білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері Уалиева Сауле Айткалиевна өзінің 3 курс кураторлық тобы ШТҚ 312-мен «Парасатты сауаттылық» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта әйгілі Жетісу өңірінің ақын қызы Мақпал Мысаның «Адалдық сағаты» атты бейнеролик көрсетілді. Кейіннен «Парасаттылық», «адалдық» ұғымдары талқыланып, осы ұғымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы орны жайлы білімгерлерге түсіндірілді.