Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Қадыр Қойшыбекұлы, «Журналистика және ақпарат» білім беру бағдарламасының жетекшісі Жұмағали Бейсенбайұлы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында Президент өкілеттігі мерзімін қайта қарау ұсынысына қатысты өз пікірлерімен бөлісті. Қазақстандықтар байқуатты өмір сүруі үшін мемлекеттік басқару жүйесіне өзгеріс енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Айта кетсек, Конституцияның қолданыстағы нормасына сәйкес, президент өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды. 1 қыркүйекте ел халқына жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік мерзімді 7 жылға дейін ұзартуды және бір мерзімге ғана сайлауды ұсынды.
«Qazaqstan» ұлттық телеарнасына берілген сұхбат сілтемесі: https://qazaqstan.tv/news/163339/