ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ — ЗАМАН ТАЛАБЫ

Мемлекеттік және халықаралық деңгейге сай, бәсекеге төтеп бере алатын, жан-жақты, құқықтық сауатты ұрпақ тәрбиелеу –қоғамның басты талабы. Бүгінде ішкі және сыртқы күрделі мәселелерді шешуде жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісін қайта қарау керектігі анық сезілді. Ал үшін құқықтық білім беру, құқықтық сана қалыптастыру, жауапкершілікті арттыру міндеттері алға шығады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында «Заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды»,-деген болатын. 

Жолдау аясында Журналистика және ақпарат БББ оқу радиостудиясының «Қонақпен жүздесу» бағдарламасында Заң ғылымдарының PhD философия докторы, профессор Айтимов Болат Жолдасбекұлы қонақта болды.

 Сұхбат барысында білімгерлердің құқықтық сауаттылығы, «Академиялық адалдық» және жастар арасындағы Заң бұзушылықтың алдын алу туралы әңгіме өрбіді.  

– «Құқықтық сауаттылық қазір әрбір азаматқа керек. Ол заман талабы. Адам өз құқығын және оның шегін жақсы білуі керек. Біреудің құқығы басталған жерде, келесі біреудің құқығы аяқталатынын да естен шығармаған жөн» — дейді Заңгер.

Болат Жолдасбекұлы студенттердің құқықтары мен міндеттеріне тоқталып, Заң тұрғысынан сауатты болулары үшін бірнеше пайдалы кеңестерімен бөлісті. Білімгерлер қиындыққа тап болғанда, қол ұшын созып, көмектесуге қашанда әзір екенін айтты.

Мақпал ӘДІЛХАНҚЫЗЫ, ЖҚ-211