Басқа ЖОО-дан ауысу және қайта қабылдану

БАСҚА ЖОО-ДАН ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ МАГИСТРАТУРАҒА АУЫСУҒА ӨТІНІШТЕР МЕН ҚҰЖАТТАР

ҚАБЫЛДАНАДЫ:

 

1 курс — 2027 жылғы 18-22 қаңтар аралығында

 

Қабылдау орны: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 187а, 101 кабинет

Қабылдау уақыты: Дүйсенбі–жұма: 9:00-ден 12:00-ге дейін және 14:00-ден 17:00-ге дейін. Сенбі–Жексенбі: демалыс

Анықтама телефоны: 8 (7282) 22-23-10.

Ауысу үшін ұсынылатын құжаттар:

  1. Білім алып жатқан ЖОО ректорының атына ауысуға келісімі туралы қолы қойылған, мөрмен бекітілген өтініш;
  2. Білім алып жатқан ЖОО-ның уәкілетті тұлғаның қолы және мөр қойылған Транскрипт;
  3. ЖОО-ның осы білім беру бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүргізуге мүмкіндік беретін лицензиясының көшірмесі;
  4. БББ аккредиттеу туралы Сертификат;
  5. Жоғары білім туралы дипломның көшірмесі және 3 қосымшаның көшірмелері;
  6. КТ сертификатының және IELTS, TOEFL халықаралық шет тілін меңгеру сертификатының көшірмесі (бар болса)
  7. Грант иегері туралы куәлігінің көшірмесі (бар болса)
  8. Оқуға қабылдау, курстан курсқа көшіру және оқудан шығару туралы бұйрықтан үзінділер;
  9. Жеке куәлік көшірмесі;
  10. Жеңілдіктер мен квоталарды растайтын құжаттар (бар болса);
  11. «Электрондық үкімет» порталы жеке кабинетінің әскери есепке алу туралы мәліметінің баспа нысаны немесе әскери билеттің көшірмесі (ерлер үшін).
  12. Еңбек өтілі бар адамдар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы)
  13. 3х4 см көлемдегі 2 сурет;
  14. Құжат тігілетін бума (скорошиватель), 10 файл.
ЕСКЕРТУ: тізбеде көрсетілген құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы университеттің  білім алушыны ауыстырудан  бас тартуға негіз болып табылады.

ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУҒА ӨТІНІШТЕР МЕН ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ:

ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ МАГИСТРАТУРАҒА
1 курс — 2027 жылғы 18-22 қаңтар аралығында

2 курс — 2027 жылғы 5-12 қаңтар аралығында

БЕЙІНДІК БАҒЫТТАҒЫ МАГИСТРАТУРАҒА
2027 жылғы 18-22 қаңтар аралығында

Қабылдау орны: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 187а, 101 кабинет

Қабылдау уақыты: Дүйсенбі–жұма: 9:00-ден 12:00-ге дейін және 14:00-ден 17:00-ге дейін. Сенбі–Жексенбі: демалыс

Анықтама телефоны: 8 (7282) 22-23-10.

Қайта қабылдану үшін ұсынылатын құжаттар:

  1. Қайта қабылдау жүзеге асырылатын ЖОО-ның қолы мен мөрімен бекітілген Транскрипт (түпнұсқа)
  2. ЖОО-ның осы білім беру бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүргізуге мүмкіндік беретін лицензиясының көшірмесі;
  3. Қайта қабылдау жүзеге асырылатын ЖОО ға қабылдау туралы бұйрықтан көшірме
  4. Қайта қабылдау жүзеге асырылатын ЖОО-да курстан курсқа ауысу туралы бұйрықтан көшірмелер;
  5. Қайта қабылдау жүзеге асырылатын ЖОО-нан шығару туралы бұйрықтан көшірме;
  6. Жеке куәлік көшірмесі;
  7. Жоғары білім туралы дипломы (түпнұсқа) және 3 қосымшасы (түпнұсқа);
  8. Жоғары білім туралы дипломның көшірмесі және 3 қосымшаның көшірмелері;
  9. 3х4 см көлемдегі 2 сурет;
  10. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген №075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;
  11. «Электрондық үкімет» порталы жеке кабинетінің әскери есепке алу туралы мәліметінің баспа нысаны немесе әскери билеттің көшірмесі (ерлер үшін);
  12. КТ сертификатының және IELTS, TOEFL халықаралық шет тілін меңгеру сертификатының көшірмесі (бар болса);
  13. Еңбек өтілі бар адамдар үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы)
  14. Құжат тігілетін бума (скорошиватель), 10 файл.
ЕСКЕРТУ: тізбеде көрсетілген құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы университеттің білім алушыны қайта қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.