Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі

Жоғары мектептің негізгі міндеті білім беру, дене шынықтыру, спорт және өнер саласында жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады. Жоғары мектептің жұмысы мемлекеттің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттарына сәйкес білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған.

0

Білімгерлер

0

Магистранттар

ЖОҒАРЫ МЕКТЕП БЛОГЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

27.02.2024 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жастар Орталығының ұйымдастыруымен «ЖУ...

Read More

ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ТАРИХЫ

1988-2022 ЖЖ.

Дене мәдениеті факультеті 1988 жылы құрылған. Факультеттің  ұйымдастырылып дамуына зор үлес қосқан бірінші декан, доцент   Г. Богодухов болды. Факультеттің одан әрі дамуына декандар – п.ғ.к., доцент А. Асарбаев, т.ғ.к., доцент А. Катенов, п.ғ.к., доцент С.Сочин, 2008 жылы факультет «Мәдениет және өнер» факультеті болып қайта өзгертілгенде декандар – п.ғ.к., доцент Е.Утегенов, п.ғ.к., доцент С.Сочин, т.ғ.к., А.Толамисов өз үлестерін қосты. 2016 жылдың маусым айынан бері факультет Дене шынықтыру және өнер факультеті болып өзгертіліп, п.ғ.к.,  қауымдастырылған профессоры Е.Утегенов деканы болып тағайындалды.

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Дене шынықтыру және спорт

Бакалавриат 6В01402 

Магистратура 7M01401 

Бастапқы әскери дайындық

Бакалавриат 6В01401 

Дизайн

Бакалавриат 6В02101

 

Музыкалық білім

Бакалавриат 6В01403

Магистратура 7M01402

Көркем еңбек, графика және жобалау

Бакалавриат 6В01406

Магистратура 7М01404 

Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру

Бакалавриат 6B01408

ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ЖЕТІСТІКТЕРІ

2014 ж.

Джанабаев Кайрат Темиргалиевич - Жалпы даму кафедрасының оқытушысы-дәріскері, Ауған соғысының ардагері, 2014 ж «Құрмет» орденінің иегері

2018 ж.

Утегенов Ерлан Казбекович-Дене шынықтыру және өнер факультетінің деканы п.ғ.к., ҚРБжҒМ 2018 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері

2019 ж.

Ақбаева Баян Мусагалиевна-Дене шынықтыру және спорт мамандығының 4 курс білімгері бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2019 ж. 16-30 қазан аралығында Қытай халық республикасының Ухань қаласында өткен «VII Дүниежүзілік әскерилер ойынында» әйелдер арасында (69 кг) салмақ бойынша 3 орынды жеңіп алды.

2018 ж.

Курмангалиев Саян Қуатұлы-Дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс білімгері, белбеу курестен спорт шебері, 2018 жылы Татарстан Республикасында (Высокая гора қаласы) өткен Әлем Чемпионатында 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасында белбеу күрестен 65 кг салмақта жүлделі 1 орынды иеленді

2018 ж.

  І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің командасы 2019 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы X-жазғы универсиада қорытындысы бойынша жүлделі 3-орынға ие болды. Универсиада сәуір-маусым аралығында жоғары оқу орындары базасында өткізілді.

  1. Ауыр атлетика (ерлер) 2 орын (Шымкент қаласы)
  2. Ауыр атлетика (қыздар) 2 – орын (Шымкент қаласы)
  3. Белбеу күрес – 5 орын (Ақтөбе қаласы)
  4. Садақ ату (ерлер) 3 орын (Орал қаласы)
  5. Садақ ату (қыздар) 1 орын (Орал қаласы)
  6. Бокс (қыздар) 2 орын (Алматы қаласы)
  7. Бокс (ерлер) 6 орын (Орал қаласы)
  8. Жағажай волейбол (ерлер) 5 орын (Алматы қаласы)
  9. Жағажай волейбол (қыздар) 2 орын (Алматы қаласы)
  10. Регби (ерлер) 2 орын (Алматы қаласы)
  11. Регби (қыздар) 1 орын(Алматы қаласы)
  12. Самбо (ерлер) 7 орын (Ақтөбе қаласы)
  13. Самбо (қыздар) 2 орын(Ақтөбе қаласы)
  14. Волейбол (ерлер) 5 орын (Ақтөбе қаласы)
  15. Волейбол ( қыздар) 1 орын(Ақтөбе қаласы)
2013 ж.

2013жылғы Дүниежүзілік жазғы универсиадаға қатысқан факультет білімгерлері Д.Күрішбаева самбодан -3 орын, И.Берсанов ауыр атлетикадан – 5 орын жеңіп алды. Бүгінгі күнде 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 32 спорт шебері, 70 тен аса спорт шеберіне үміткер  білімгерлер оқуда.

2018 ж.

Факультет 2015 жылдан Дене шынықтыру және спорт университеттерінің (жоғарғы оқу орындары арасында) халықаралық қауымдастығының мүшесі болып табылады.

2021 ж.

 Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 2 курс білімгерлері Курбанов Акбар  еркін күрестен Азия чемпионы.

2022 ж.

2022 жылдың 11-17 қазан күндері аралығында Кувейт мемлекетінде жеңіл атлетикадан U 18 үлкен жастағы жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 1 курс білімгері Омар Айбол 1500 м 3 орын иеленді.

2022 ж.

14-16.10.2022ж.  Армения мемлекетінің Ереван қаласында самбо күресінен жастар,  жасөспірім ұлдар мен қыздар жауынгерлік самбо күресінен  өткен  Әлем Чемпионатында, Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 3курс білімгерлері Турусбеков Аслан 64 кг салмақ дәрежесінде  жауынгерлік самбодан I орын иеленді.

2022 ж.

14-16.10.2022ж.  Армения мемлекетінің Ереван қаласында самбо күресінен жастар,  жасөспірім ұлдар мен қыздар жауынгерлік самбо күресінен  өткен  Әлем Чемпионатында, Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 3курс білімгерлері     Жарбулова Айдана самбодан 59 кг салмақ дәрежесінде  III  орын иеленді. 

2022 ж.

01.11.2022ж.  Біріккен Араб Әмірліктері,  Абу-даби қаласында джиу-джитсудан U18 жасқа дейін  өткен  Әлем Чемпионатында, Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 1курс білімгерлері Есмұрат Мақсат 46 келі салмақ дәрежесінде  джиу-джитсудан I орын иеленіп Әлем Чемпионы атанды.

2022 ж.

04.11.2022ж.  Біріккен Араб Әмірліктері,  Абу-даби қаласында джиу-джитсудан ересектер арасында  өткен  Әлем Чемпионатында, Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 1курс білімгерлері Сарсенұлы Самат 56 кг салмақ дәрежесінде  джиу-джитсудан I орын иеленіп Әлем Чемпионы атанды.

2023 ж.

Х-Factor жобасында Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 3 курс білімгерлері  Акбота Сабыржанова соңғы, 6-ші концертіне өтті.

2023 ж.

10-12.02.2023ж.Астана қаласында жеңіл атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Х-ші Азия чемпионатында дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің білімгері төмендегідей нәтиже көрсетті:

Нұрмәмет Ақбаян-1500м -III орын иеленді және спорт шеберін орындады

ДЕКАНАТ

Утегенов Ерлан Казбекович

Декан
+7 (7282) 22-21-23
(2201)
utegenov.erlan@list.ru
utegenov.erlan@zhgu.kz

Жаңабай Абылай Айдарұлы

Тәрбие жұмысы бойынша үйлестіруші

+7(7282)22-21-23
(2240)
zhanabaevabylai@mail.ru

Шагатаева Зауре Ерназаровна

Ғылыми жұмысы бойынша декан орынбасары

+7 (7282) 22-21-23
(2248)
zaurika@mail.ru

Дуанаева Кұндыз Қуанышбекқызы

Хатшы
+7(7282)22-21-23
(2202)
kduanaeva01@mail.ru

Ахметов Жанибек Октаевич

Оқу жұмысы бойынша үйлестіруші

+7 (7282) 22-21-23
(2248)

ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ