ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

Ғылыми кеңес төрағасы – Басқарма Төрағасы-Ректор, география ғылымдарының докторы, профессор Қ.М. Баймырзаев

Ғалым хатшы – тарих ғылымдарының кандидаты Н.К. Байгабатова

Телефон: +7(728)222-21-23 (11-09); +7 778 808 7588

e-mail: n.baigabatova@zu.edu.kz, bnk1606@mail.ru

  1. Ғылыми кеңес «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тұрақты қызмет атқаратын, сайланбалы алқалы органы болып табылады.
  2. Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгілік ережесін, Қоғамның жарғысын басшылыққа алады.
  3. Қоғам органдарының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарау кезінде Ғылыми кеңестің осы мәселелер бойынша қабылдаған шешімдері ұсынымдық болып есептеледі.
  4. Ғылыми кеңестің өкілеттік мерзімі – 3 жыл.
  5. Ғылыми кеңесті Басқарма Төрағасы-Ректор басқарады.
  6. Ғылыми кеңестің мүшелері университеттің жалпы жиналысында жасырын дауыс беру арқылы университеттің әкімшілік-басқару құрылымдары, профессор-оқытушылар құрамы, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен білімгерлер қатарынан сайланады.
  7. Ғылыми кеңестің жеке құрамы Басқарма Төрағасы-Ректордың бұйрығымен бекітіледі.
  8. Ғылыми кеңесте талқыланатын мәселелерді дайындауды ұйымдастыру, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау және Кеңес жұмысының тәртібі мен әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін Кеңес мүшелері қатарынан Басқарма Төрағасы-Ректордың бұйрығымен 3 жылдық мерзімге ғалым хатшы тағайындалады.
  9. Ғылыми кеңестің отырыстары бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына бір рет өткізіледі. Қажет болған жағдайда Ғылыми кеңестің отырыстары жоспардан тыс өткізіледі.
  10. Ғылыми кеңес өз құзыреті шегінде келесі функцияларды жүзеге асырады:
  • оқу, ғылыми, әдістемелік және тәрбиелік қызмет бойынша мәселелерді қарастыру және шешім қабылдау;
  • университет дамуыныңң перспективалық жоспарларын қарастыру;
  • ғылыми атақтар беру мәселелерін қарастыру;
  • ішкі тәртіп қағидаларын қарастыру және бекіту;
  • оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
  • университеттің Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыруға байланысты мәселелерді қарастыру;
  • университеттің әлеуметтік дамуының негізгі мәселелерін қарастыру және шешімін қабылдау;
  • университеттің оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысы туралы есептерді мерзімді қарастыру;
  • Қоғам құрамына кіретін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметі туралы есептерді қарастыру;
  • Қоғам Басқармасының бекітуі үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын қарастыру;
  • университет қызметіне байланысты және алқалы шешімді талап ететін өзге де мәселелерді қарастыру.

Ғылыми атақтар беру Ережесі

Правила присвоения ученых званий 

Ғылыми атақтарға үміткерлер