Бахтаулова Алефтина Сембаевна

Ғылыми дәрежесі: Биология ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы: Қауымдастырылған профессор (доцент)
Қызметі: Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректор

БІЛІМІ

  • Жоғары, Алтай ауыл шаруашылық институты, 1989 ж. – Агрономия; (РФ, Барнаул қ.).
  • К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясы, аспирантура Ботаника кафедрасы (РФ, Мәскеу қ,).

Жетістіктер

2015-2017 жж. ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру жобасының жетекшісі «Сиверс алмасының жылдық өркенінің сәулелі паренхимасының құрылысының жасыл қалемшелеудегі тамыртүзу қабілеттілігін анықтау»;
1. ҚР АШМ ғылыми жобаларының ғылыми жетекшісі:
 –  2017-2020 жылдарға арналған Жоңғар Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі базасында орындалатын «Жоңғар-Алатау МҰТП флорасын түгендеу және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік түрлері популяцияларының жай-күйін зерттеу» тақырыбы бойынша;

–  2019-2023 жылдарға арналған «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «РММ базасында орындалатын Шығыс қазақстан облысы Үржар ауданының «Тарбағатай» МҰТП аумағында Сиверс алмасын (Malus sieversii) сақтаудың қазіргі жағдайын бағалау» тақырыбы бойынша.

2. ЖОО үздік оқытушысы-2018″атағының иегері;
3. «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, 2011 ж.;
4.  «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, 2016 ж.

Ғылыми еңбектері

100-ден астам ғылыми мақалалар, оқу, оқу-әдістемелік құралдар, патенттер, оның ішінде:
1. Пайдалы модельге ҚР патенті №3091 «Жемісті өсімдіктердің жылдық өркенінің сәулелі паренхимасының гистоқұрылысы бойынша жасыл қалемшелермен тамырлану деңгейлерін анықтау тәсілі». Бюллетеннің нөмірі мен күні №35 – 17.09.2018;

2. Пайдалы модельге ҚР патенті №3324. «Сиверс алманы (Malus sieversii) жасыл қалемшелер арқылы көбейту тәсілі». Бюллетеннің нөмірі мен күні №42 – 07.11.2018;

3.Пайдалы модельге ҚР патенті №4252. «Сиверс алмасын клональды микрокөбейту алу тәсілі» Бюллетеннің нөмірі мен күні №34 – 23.08.2019 А.С.Бахтаулова, М.Ф.Жақыпжанова, Б.К.Өксікбаев, А.Қолдасбаева; 

4.Сиверс алмасының (Málus Sievérsii) және апорт сұрыпты үй алмасының (Malus domestica) жылдық өркендерінің анатомиялық құрылымының ерекшеліктерін зерттеу// ҚР ҰҒА Известия. Биология және медицина сериясы – 2018.- №4. 91-99б.

5.Technology of malus sieversii softwood cutting //AGRITECH-II – 2019 // IOP Conf. Series: Earth and Environmental Science. 2020. Vol.421(1). P. 082023(1-6). doi:10.1088/1755- 1315/421/8/082023;

6. A.Bakhtaulova, R.Karipbayeva Cytostructure of the radial parenchyma of annual shoots of wild species of Meyer’s currant (Ribes Meyeri Maxim.)// AGRITECH-III-2020 IOP Conf. Series: Earth and Environmental Science 548 (2020) 072021 IOP Publishing doi:10.1088/1755- 1315/548/7/072021.