Бітіруші түлек моделі

Еліміздің жоғары білім беру жүйесінде 1972 жылдан бері үздіксіз кәсіби мамандар даярлап келе жатқан Жетісу университеті биік академиялық дәстүрлер қалыптасқан орта. Университет осы күнге дейін 55 мыңнан астам білікті кадрларды дайындады. Бүгінгі университет түлектері әр салада көшбасшы атанып, жоғары табыстарға жетуде. Жарты ғасырдан астам уақытта Жетісу университетінің білімі – сапа көрсеткішіне, ал университет түлегі – жеңімпаз тұлға моделіне айналып үлгерді. 

Бүгінгі университет білімгері мен түлегі тек озық маман ғана емес, өзгерістерге даяр, жаңашылдықтарға бейім, дербес ойлы тұлға. Болашақ кәсіп иесін оқытуда университет бірнеше құндылықтарға басымдық береді

Түлектердің жетістіктері

Жетісу университетінің түлектері білім, ғылым, өнер, спорт салаларында айтулы жетістіктерге жетуде. Біздің білімгерлер республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары. Қазіргі күнде университет түлектері мен студенттерінің тікелей қатысуымен бизнес жобалар ғылыми бастамалар орындалып жатыр. Осы арқылы Жетісу университеті еліміздегі білім және ғылым саласының өркендеуіне ықпал етіп келеді. Білімгерлердің жеңісті жолы жаңа жетістіктермен бедерленуде.