ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Жоғары мектептің міндеттері: сапалы білім беруді ұйымдастыру арқылы Республикаға және аймаққа  мектепке дейінгі және бастауышта оқыту мен тәрбиелеу, арнайы педагогика, педагогика және психология бағытындағы білім беру бағдарламаларының үш сатылық жүйесі (бакалавриат, магистратура, докторантура)  деңгейдегі жоғары білікті мамандарды даярлау арқылы мемлекеттің білім беру саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру мен жаңа заманауи жағдайға байланысты жаңғырту және жүзеге асыру болып табылады.

0

Студент

0

Магистрант

0

Докторант

ЖОҒАРЫ МЕКТЕП БЛОГЫ

Құттықтаймыз

26.02.2024 ж. Педагогика және психология жоғары мектебі «Оқыту және тәрбиелеу...

Read More

ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ТАРИХЫ

10 шілде 1973 ж.

Педагогика және психология факультетінің тарихы институт құрылған күннен бастап қызмет жасаған педагогика және психология кафедрасынан бастау алады. 1973 жылдың 10 шілдесінде педагогика және психология кафедра меңгерушісі қызметіне аға оқытушы Туркпенов Жолмухан Туркпенұлы тағайындалды.

1977 ж.

1977 жылы осы кафедраның негізінде музыкалық-педагогика факультеті ашылып, факультеттің алғашқы деканы болып Қазақ КСР-на еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, доцент Манаспаева Аксулу Алимхановна тағайындалды.

1980 ж.

1980 жылы музыка-педагогика факультеті негізінде музыка-педагогика және мектепке дейінгі педагогика факультеттері құрылды.

1980-2018 жыл

Факультеттің пайда болуы мен дамуына келесідей белгілі ғалымдар өз үлестерін қосты, декандар: А.А.Манаспаева (1973-1980жж), Р.Д.Когай (1980-1987жж), В.Н.Капралов (1987-1996жж), Д.Р Примбекова (1996-1998жж), Е.Ш.Темиров (1998-2008жж), Х.Т.Наубаева (2008-2015жж), С.А.Сочин (2015-2017жж), М.Т.Кантуреев (2017-2018жж).

2018 ж.

2018 жылдың қыркүйегінен факультетті педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ыбыраимжанов Қалибек Турдыгазиевич басқарады.

2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің «02» мамыр 2019 ж. №432 бұйрығы негізінде 6D010000 – Білім (педагогикалық ғылымдар) (PhD) философия докторы дәрежесін тағайындау және бейіні бойынша докторлық диссертацияны қорғау диссертациялық кеңесі 6D010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 6D010300 – «Педагогика және психология», 6D010900 – «Математика» мамандықтары бойынша ашылды.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

"БАСТАУЫШ ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ"

"МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ"

« ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ »

« ДЕФЕКТОЛОГИЯ /АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА»

ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ЖЕТІСТІКТЕРІ

2010 жыл
"Ы. Алтынсарин" төсбелгісі

Ханина Надежда Николаевна " Ы. Алтынсарин " Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін.

2014 жыл
ACQUIN халықаралық аккредициясы

2014 жылы ОБ 5В010200" Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" ACQUIN мамандандырылған халықаралық аккредиттеуден өтті (2015 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін Германия, Байройт қ. сапа сертификаты).

2015 жыл
Бакалавриат бағдарламалары бойынша жетістіктер

2015 жылы 5В010200 "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" ББ НААР бакалавриатының білім беру бағдарламаларының рейтингісі бойынша 18 ЖОО арасында 5-ші орынға ие болды. Бакалавриат білім беру бағдарламасы БСҚТҚА рейтингісінің нәтижесі бойынша 9 ЖОО арасында 3-ші орын алды.

2015 жыл
Магистратура бағдарламасы бойынша жетістіктер

2015 жылы ОБ 6М010200 "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" НААР магистратурасының білім беру бағдарламаларының рейтингісі бойынша 7 ЖОО арасында 1-орын алды.

2015 жыл
Докторантураның ашылуы

2015 жылы 6D010200 -"Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының PhD докторантурасы ашылды.

2018 жыл
Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық Кеңес.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2018 жылғы "29" желтоқсандағы № 2058 /2019 жылғы"2" мамырдағы №432 (2022 жылғы 30 сәуірге дейін)/ І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жанындағы 6D010200 – Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі, 6D010300 – Педагогика және психология, 6D010900 – Математика мамандықтары бойынша философия докторы (PhD) докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық Кеңес ашылды.

2018 жыл
"Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі

Таурбекова Айнұр Сапашқызы Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталды.

2019 жыл
"Ы. Алтынсарин" төсбелгісі

Жақыпбекова Сәуле Сотиярдинқызы " Ы. Алтынсарин " өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін.

2020 жыл
"Қазақстанның үздік мұғалімі"

Сәуле Сотиялдақызы Жақыпбекова еліміздің ұрпағын тәрбиелеуге және білім беруге қосқан үлесі үшін "Қазақстанның үздік мұғалімі" орденімен марапатталды.

ҚР БҒМ қаржыландыратын гранттық жобалар

Зерттеу тақырыбы

Орындаушылар 

AP08856314 «Оқушыларды қашықтықтан оқытуға педагогтердің дайындығын қалыптастыру».Жетекші: Майлыбаева Г.С.
AP08856810 «Жаңартылған білім мазмұнына бейімделген болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру».Жетекші: Ыбыраимжанов К.Т.
AP08857092 «Организация довузовской подготовки лиц с ограниченными возможностями здоровья в системе инклюзивного высшего образования».Жетекші: Жакипбекова 
"ЖОО үздік оқытушысы" грантының иегерлері

2007 және 2011 жылы - с.ғ.д., доцент Аралбаева Рысжамал Кадыровна ;

2017 жылы - қауымдастырылған профессор м.а. (доцент), PhD Майлыбаева Гульмира Сабыровна;

2019 жылы - қауымдастырылған профессор(доцент), PhD Сапаргалиева  Айжан Жанисовна;

2020 жылы - п.ғ.д., профессор Ыбыраимжанов Калибек Турдыгазиевич.

ДЕКАНАТ

Хаймулданов Ерлан Сеилханович

Жоғары мектеп деканы

Философия докторы, PhD

Толығырақ

Есимбекова Асылжан Омаровна

Деканың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Педагогикалық ғылымдарының магистрі

Толығырақ

Шакирова Арайлы Далеловна

Оқу және тәрбие ісі бойынша үйлестіруші

Философия докторы, PhD

Толығырақ

WhatsApp Image 2023-09-13 at 11.31.30

Амангельдина Акерке Едиловна

Хатшы

БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕР