Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері білім беру бағдарламасы

негізгі мәлімет

ПОҚ сандық және сапалық көрсеткіштері:
2023–2024 оқу жылы: білім беру бағдарлама меңгерушісі философия докторы PhD Желдибаева Райгуль Сериковна; п.ғ.д., профессор Ыбыраимжанов Калибек Турдыгазиевич; п.ғ.к., қауымд. профессор (доцент) Борибекова Фарзана; п.ғ.к., қауымд. профессор (доцент) Бакраденова Алтын Бакраденовна; п.ғ.к., аға оқытушы Ханина Надежда Николаевна; п.ғ.к., қауымд. профессор (доцент) Жолтаева Гульнар Нурболатовна; п.ғ.к., қауымд. профессор (доцент) Капенова Анар Амирхановна; PhD докторы, қауымд. профессор м.а.(доцент) Майлыбаева Гульмира Сабыровна; аға оқытушы, PhD докторы Фейзулдаева Салтанат Арасатовна; магистр аға оқытушы Таурбекова Айнур Сапашовна;  магистр, аға оқытушы Тажинова Гульнар Амангелдиновна;  магистр, аға оқытушы Алпысбаева Нургуль Саркытбековна; магистр, оқытушы Сарсекулова Диляра Мадиевна; магистр, оқытушы Кыстаубаева Ботагоз Кыстаубаевна; магистр, оқытушы Мухашева Меруерт Бауыржановна; аға лаборант Шатырбаева Гульнар Жакыповна.

2023-2024 оқу жылында оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасында жұмыс істейтін оқытушылардың штаттық құрамы –15, қоса атқарушылар – 2.

Олардың ішінде:

ғылым докторлары және профессорлар ККСОН (ВАК) (докт.): 1 адам.;

ғылым кандидаттары мен доценттерінің ККСОН (ВАК) (канд.): 6 адам.;

PhD докторлар: 3 адам.

Материалдық-техникалық жабдықтандыру (зертханалар).

Оқу үдерісінде 4 оқу зертханалары пайдаланылады:

– бастауыш білім берудің оқу зертханасы;

– бастауыш білім беруді ақпараттандыру;

– мектепке дейінгі балалық шақ оқыту зертханасы;

– жаңартылған білім беру мазмұнының ғылыми-әдістемелік орталығы.

Зертханалар мен кабинеттер зерттеу және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін қажетті арнайы жабдықтармен жабдықталған.

Зертханаларда шетелдік оң тәжірибе талданады, шетелдік және отандық ғалымдардың тәжірибелік көзқарастары және білім беру тәжірибесі сараланады, шет елдердің және Қазақстанның білім беру саясатының тетігі анықталады, ҚР БжҒМ-нің және басқа да ұйымдардың оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша тапсырыстары орындалады; іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізіледі.

ЖОО-да арнайы курстарға арналған білім беру саласындағы мәселелері бойынша оқу-әдістемелік материалдар дайындалады (авторлық курс бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдар, оқулықтар); педагогика, психология, бастауыш білім беру әдістемесінің және арнайы педагогиканың өзекті мәселелері бойынша теориялық және ғылыми-тәжірибелік семинарлар, ғылыми конференциялар өткізіледі және т.б.; оқу-әдістемелік сараптамалар өткізіледі, ақпараттық-анықтамалық материалдар, ғылыми журналдар, монографиялар, қазақстандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми еңбектері жинақталады; студенттердің, магистранттардың және докторанттардың әзірлеген ғылыми, ақпараттық-әдістемелік материалдары оқу үдерісінде апробацияланады.

Ұйымдармен, ЖОО-мен ынтымақтастық

Соңғы үш жылда Әулие Климент Охридский (Болгария) София университетімен , Санкт-Петербург мемлекеттік институтының «Психология және әлеуметтік жұмыс» факультетімен (Ресей), К. Д. Ушинский (Ресей) атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университеті, Драгоманов атындағы ұлттық педагогикалық университетінің коррекциялық педагогика және психология институтымен (Украина) халықаралық ынтымақтастықта жұмыстар жасалды.

ЖОО-мен білім, ғылым, академиялық ұтқырлық саласындағы ынтымақтастық туралы шарттар жасалды:

– Абай атындағы орта мектеп; Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті;

– Талдықорған қ. «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті»;

– «Білім» гуманитарлық-экономикалық колледжі.

Қала мен облыстың мектептерімен және мектепке дейінгі мекемелермен ынтымақтастық жолға қойылған.

Жасалған шарттар негізінде жетекші мамандарды тарту, білім беру саласында ғылыми ақпаратпен алмасу, оқытушылар мен студенттердің тағылымдамалары мен іссапарларын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Орталық Азия университетімен келісім шеңберінде Орталық Азияның және бүкіл әлемнің мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына негізделген инновациялық оқу материалын қолдауға, дамытуға және енгізуге бағытталған ынтымақтастық жүзеге асырылуда.

Кафедра оқытушылары жыл сайын І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары үшін семинарлар мен ақпараттық сессиялар өткізеді.

Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы Санкт-Петербург мемлекеттік Психология және әлеуметтік жұмыс институтымен іскерлік байланыстарды дамытады. Білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі туралы шарттарға қол қойылды. Сонымен, Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының психология және әлеуметтік жұмыс факультетінің базасында тағылымдамадан өткен кафедра мүшелері Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы №5, № 277 жалпы білім беретін мектептердің, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік оңалту орталығының, бастауыш сыныптарда психикалық дамуы тежелген балаларды түзету және дамыту бойынша оқыту мектептерінің жұмысымен танысты.

«Жобалық қызметті жүзеге асыруда жалпы білім беру және түзету сыныптарында денсаулық сақтау технологияларын қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Ұлттық педагогикалық университетінің М. Драгоманов атындағы Педагогика және психология институты (Украина Республикасы) мен І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті арасында білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы шарт жасалып, оған қол қойылды.

Педагогика ғылымдарының кандидаты С. Стамбекова және аға оқытушы Ж. Н.Ержанова профессор В. Н. Синевпен тәжірибе алмасып, М. Драгоманов атындағы ұлттық педагогикалық университетінің коррекциялық педагогика және психология институтындағы әдістемелік жаңалықтармен танысты.

2013 жылдың 23-24 мамырында Тарас Шевченко атындағы Кременец облыстық гуманитарлық-педагогикалық институтында п.ғ.к., кафедра доценті Г. Н. Жолтаева «Жоғары мектептегі инновациялар: Білім мен ғылымның мәселелері мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, «Қазақстан Республикасында білім беруді реформалау жағдайында жоғары мектепте мамандардың кәсіби дайындығын қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, Т.Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы О.В. Плахотник кафедраның ПОҚ үшін «Оқытудың интерактивті әдістері» тақырыбында семинар өткізді.

І. Жансүгіров атындағы ЖУ мен Қ.Д. Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университеті арасында аккредиттелген ЖОО-мен ынтымақтастық туралы шарт жасалды (мемлекеттік аккредиттеу туралы куәлік №0513, 01.04.2013).

Шартқа сәйкес педагогика ғылымдарының кандидаты, К.Д. Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Г.Б. Барышникова кафедраның ПОҚ үшін «Білім берудегі инновациялар» тақырыбында семинар өткізді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша К.Д. Ушинский атындағы Ярослав мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде білім алды: 2011-2012 оқу жылы – Бегджанова Тэзегуль, Цивилева Кира; 2012-2013 оқу жылы – Морозова Евгения, Насупкина Екатерина; 2013-2014 оқу жылы – Суконина Наталья, Маслова Александра, Новикова Олеся, Зуболомова Владлена; 2014-2015 оқу жылы – Мосягина Светлана, Золотцева Наталья, Ефремова Елена, Макагонова Анастасия. 2015-2016 оқу жылы – Лещук Диана, Фадеева Анна, Гладких Евгения.

І. Жансүгіров атындағы ЖУ Мен Әулие Климент Охридский атындағы София университеті арасында аккредиттелген ЖОО-мен ынтымақтастық туралы шарт жасалды (институционалдық аккредиттеу туралы куәлік, 25.10.2012 жылғы №22 Хаттама).

Шақыру бойынша академиялық ұтқырлық шеңберінде жетекші ғалымдар профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер үшін дәрістер оқып, семинарлар өткізді. Атап айтқанда: Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің доценті, педагогика ғылымдарының докторы Сийки Георгиева Чавдарова – Костова – «Мәдениетаралық тәрбиенің заманауи мәселелері»; «Әулие Климент Охридский» София университетінің профессоры Вася Крумова Делибалтова – «Білім беру қызметтері нарығындағы университет».

Болон процесінің принциптерін және университеттің сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында Педагогика және психология факультетінің оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасында онлайн-дәрістер мен семинарлар аяқталды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына, 8D010200 – «Бастауыш білім берудің педагогикасы және әдістемесі» мамандығының докторанттарына және 7М01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының магистранттарына «Мектепке дейінгі мекеме басшысының психологиялық-педагогикалық дайындығы» пәнінен 2020 жылғы қазанның      5-нен бастап 30 қарашаға дейін Ибрагим Чечень университетінің доценті (Түркия), п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нургалиева Сания Айдархановна өткізді.

Шетелдік профессордың онлайн-дәрістерге қатысу нәтижелері бойынша докторанттар мен магистранттарға жүргізілген сауалнама академиялық ұтқырлықтың жеке тұлғаны дамыту үшін – басқа академиялық жағдайларда оқу тәжірибесін жинақтау үшін де, университеттегі оқу үдерісін жаңарту үшін де маңызды екенін көрсетті. Бұл біздің университеттің ғана емес, болашақ мамандардың бірыңғай еңбек нарығының қатысушылары ретінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.

Дәріс-семинар нәтижесінде магистранттар, докторанттар және профессорлық оқытушылар құрамына сертификаттар табысталды.

05.10.2020-30.10.2020ж аралығында Педагогика және психология факультеті деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.Т. Ыбыраимжановтың басшылығымен оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы «Жоғары білім сапасын басқару» тақырыбында сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша қашықтықтан онлайн форматта профессорлық оқытушылар құрамына және докторонттарға дәріс-семинар ұйымдастырылды.

8D01301 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» докторанттарына «Жоғары білім сапасын басқару» пәні бойынша Ибрагим Чечен университеті доценті(Туркия), педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нургалиева Сания Айдархановна дәріс оқыды. Дәріске 8D01101 – «Педагогика және психология» мамандығы докторанттары да қатысты.

Дәріс барысында докторлық диссертация тақырыптарына сәйкес педагогикалық кеңестер берумен қатар, оқытушылар мен докторанттар «Жоғары білім сапасын басқару» тақырыбында теориялық зерттеулер жүргізді. Білім беру барысында докторанттарды оқу үдерісіне қатыстырудың жоғары деңгейі, кері байланыстың болуы, дәріс қарқындылығы, оқудың әлеуметтік маңызды мотивациясы, болашақ кәсіби шеберлікті модельдеу мүмкіндігі айқындалды. Кәсіби құзыреттілікті ғана емес, сонымен қатар докторанттардың жеке қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік берген әдістердің бірі case-study, smart education technology болды.

Білім беру бағдарлама тарихы
2005 г.

Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.03.2005 жылғы №195 қаулысын орындау үшін жеке әдістемелер кафедрасының базасында 2005 жылғы 1 қыркүйекте (№97П бұйрық) құрылды.

1997 г.

Жеке әдістемелер кафедрасы 1997 жылы 11 наурызда (№29П бұйрық) музыкалық-педагогикалық факультеттің қайта құрылуына байланысты, мектепке дейінгі тәрбие әдістемесі және бастауыш оқыту әдістемесі кафедраларының базасында оқу-тәрбие процесін оңтайландыру мақсатында құрылды.

1988 г.

1988 жылдың 7 қаңтарында "педагогикалық факультетті бөлу туралы" № I-II бұйрық негізінде педагогика факультетінде №2121 "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы есебінен студенттер контингентінің артуына байланысты 2 факультет ұйымдастырылды: мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту. Тиісінше, осы факультеттерде мектепке дейінгі тәрбие әдістемесі және бастауыш оқыту әдістемесі кафедралары құрылды.

Кафедра түлектері:

Стамбекова Асель Серкебаевна – "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы. Абай атындағы ҚазҰПУ доценті, п.ғ.к;

Тажинова Гульнар Амангельдиновна – "Мектепке дейінгі педагогика және психология" мамандығы, магистр, оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы;

Чункенова Сымбат Сабитовна – "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының магистрі, І. Жансүгіров атындағы ЖУ докторанты;

Алпысбаева Нургуль Саркытбековна – "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы, магистр, оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы;

Тугельбаева Жазира Нурлановна – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының докторанты, оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы;

Алипбаева Анар Асхатовна – "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының магистрі; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты;

Толегенова Назиля Куанышгалиевна – "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы, магистр, "Зерде" әдістемелік орталығының әдіскері»;

Омарова Айжан - "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы, Талдықорған қаласындағы НЗМ бастауыш сынып мұғалімі;

Рахимбекова Айгуль Танатовна - "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы, магистр, оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының оқытушысы;

Нурмуханова Қарақат Доскеновна - "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы, магистр;

Ли Инна Валерьевна- "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының магистрі; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты;

Сарсекулова Диляра Мадиевна - "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы, магистр, оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының оқытушысы.

білім беру бағдарламалары
оқу-әдістемелік қызметі

Оқытушылар «Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімін  үнемі ОӘК-мен, сабақ презентацияларымен, дидактикалық материалдармен, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың өзіндік жұмысына арналған тапсырмалармен толтырып отырады. Сондықтан студенттер, магистранттар, докторанттар барлық оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік материалдарға еркін қол жеткізе алады. Кафедрада оқытылатын пәндердің сапасын арттыру олардың әдістемелік қамтамасыз етілуімен байланысты. Студенттердің, магистранттардың, докторанттардыңтанымдық белсенділігін арттыру мақсатында оқу процесіне қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар, инновациялық технологиялар мен оқытудың жаңа нысандары мен әдістері енгізілуде (семинарлар, пікірталастар, тақырыптық зерттеулер, дөңгелек үстел, талқылаулар, жарыссөздер, іскерлік ойындар және т.б.).               

Оқу үдерісінде оқытудың инновациялық әдістерін пайдалану

ТАӘ

Оқытудың интерактивті әдістері

Ханина Н.Н.

Советы мудрой совы, Броуновское движение, Знаю- хочу узнать –узнал, Дерево решений, Аквариум

Асылова Р.О.

SWOT, шесть шляп мышления.

Тажинова Г.А.

Групповая работа, диаграмма Венна,  кейс study, SWOT.

Майлыбаева Г.С.

Групповая работа, кейс study, планирование, SWOT

Капенова А.А.

Метод ассоциограмм, метод сценария (story line method), метод групповых пазлов, метод ролевой игры, метод «Кейс-стади».

Таурбекова А.С.

ДЖИГСО, INSERT,  проблемные лекции, метод ассоциограммы, групповые технологии, диаграмма.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының оқу, оқу-әдістемелік құралдары мен монографияларының тізімі.

Автордың ТАӘ

Ғылыми еңбектерінің атауы

1

Майлыбаева Г.С., Ыбыраимжанов К.Т., Абильгазиева Ж.К.

Pedagogical bases of primary school children’s moral values formation by means of the kazakh folkloreРекомендовано ученым советом Жетысуского  университета им. И. Жансугурова. (протокол №4  29.11.2018ж) Монография 108 стр. Алматы. 2019.  «ИП Беккожанова». ISBN 978-601-2016-505-0

2Ыбыраимжанов К.Т.Бастауыш білім беру педагогикасы. /Учебное пособие/ Учебное пособие для студентов специальности Педагогика и методика начального обучения/.  Алматы: типография «Эвор», 2016г. -332 -стр.
3Ыбыраимжанов К.Т., Қоянбаева Г.Р.Педагогикалық сөздік. /Учебное пособие/ Алматы: типография «Эвор», 2016ж. -200 стр.
4Ыбыраимжанов К.Т.

Қазақстандағы бастауыш білім берудің тарихы /Хрестоматия/. Вспомогательное пособие к истории педагогики/ Алматы: типография «Эвор», 2016г. – 328 стр.

5Ыбыраимжанов К.Т.Ойын технологиясын бастауыш сыныптардың педагогикалық үдерісіне пайдалану. /Учебно-методическое пособие/ /Для учителей начальных классов и студентов специальностей/. Алматы: типография «Эвор», 2016г. -164 стр.
6Майлыбаева Г.С., Ыбыраимжанов К.Т.

«Мәңгілік ел» идеясы негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық-патриоттық құндылықтарын дамыту». /Методическое пособие/. г. Талдыкорган. Издательский отдел «ОФСЕТ». /Методическое пособие/. -78 стр.

7Майлыбаева Г.С

Педагогические основы формирования нравственных ценностей у младших школьников средствами казахского фольклора. Монография. 132 стр. Талдыкорган. 2017

8Асылова Р.ОАңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулардың линвомәдени мазмұны. Монография 102 стр. Талдыкорган. 2018
9Жақыпбекова С.С.Подготовка учителя начальных классов к совместному обучению детей с нормальным и нарушенным развитием. Учебно-методическое пособие. 146 стр. ISBN 978-601-216-449-7. Талдыкорган 2018г.
10

Асылова Р.О., Майлыбаева Г.С., Ержанова Г.Ж., Галиева А.Н.

Кәсіби қазақ тілі. Для учителей начальных классов и студентов специальностей/. Учебно-методическое пособие. Рекомендовано учебно-методическим советом Жетысуского  университета им. И. Жансугурова. Май, 2019.
11 

Майлыбаева Г.С., Оналбекова Б.Н., Жақыпбекова С.С.

Инклюзивті білім беретін бастауыш сынып және арнайы мамандарға арналған әдістемелік нұсқаулық. Методическое указание. ISBN 978601-216-358-2, 2019г.
12 Жакипбекова С.С.Подготовка учителя начальных классов к совместному обучению детей с нормальным и нарушенным развитием. Учебно-методическое пособие. ISBN 978-601-216-449-7. Талдыкорган 2018г. 146 стр.
13  Alipbayeva A.A., Khanina N.N.Professional English for preschool teachers: teaching manual/ Taldykorgan, 2019  –  127 p. ISBN 978-601-216-597-5
14

Ханина Н.Н., Бенеш Н.И., Попова Е.Н., Рахимжанова Б.Б.

Учебная программа  по дисциплине «Методика преподавания предметов «Обучение грамоте» и «Русский язык»  0105000 – Начальное образование (в рамках модернизации содержания технического и профессионального образования)Уровень профессиональной квалификации:010510 4–Прикладной бакалавр начального образования. Нур-Султан, 2019
15

Ханина Н.Н., Бенеш Н.И., Попова Е.Н., Рахимжанова Б.Б.

Методические рекомендации по дисциплине «Методика преподавания предметов «Обучение грамоте» и «Русский язык»  0105000 – НАЧАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ (в рамках модернизации содержания технического и профессионального образования) Уровень профессиональной квалификации: 010510 4 – Прикладной бакалавр начального образования. Нур-Султан, 2019

16

Майлыбаева Г.С.

Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі. Теория и методика преподавания казахского языка в начальной школе/ Учебное пособие. Талдыкорган. ЖУ им. И. Жансугурова, 2016. – 252 стр.

17

Жолтаева Г.Н., Тугелбаева Ж.Н.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің диагностикалық іс-әрекетін қалыптастыру. Талдыкорган, ЖУ им. И. Жансугурова, 2017. – 115 стр.
18

Борибекова Ф.Б., Шатырбаева Г.Ж.  

Бастауыш сыныпта экологиялық білім мен тәрбие  беру негіздері. Талдыкорган, ЖУ им.И. Жансугурова, 2017. –144 стр. ISBN 978-601-216-402-2
19Ханина Н.Н.Теория и методика преподавания естествознания в начальных классах. Костанай: КГПИ. – 2017. – 116. ISBN 978-601-7839-91-8
20

Ф.Борибекова, Қ.Ж.Альменбетова, Н.С.Алпысбаева, Г.А.Тажинова, Г.Ж.Шатырбаева

Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын  дамыту. Учебное пособие. 174 стр. Талдыкорган 2018. ISBN 978-601-216-464-0 
21Н.Ж. Жанатбекова, Ф. Борибекова, Г.Ж. ШатырбаеваБастауыш сыныпта экологиялық білім мен тәрбие беру негіздері. Учебное пособие. 185 стр. Талдыкорган 2018. ISBN 978-601-216-402-2 
22Жолтаева Г.Н., Майлыбаева Г.С.Мұғалімнің диагностикалық іс-әрекеті. Учебное пособие. Рекомендовано решением ученого совета Жетысуского  университета имени И. Жансугурова от 28.03.2019 г. (протокол № 8).
23Борибекова Ф.Б., Алпысбаева Н.С., Тажинова Г.А.Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту. Талдыкорган. Жетысуский государственный университет им. И. Жансугурова, 2018-2019г. Учебное пособие, 194 стр.        
24Борибекова Ф.Б., Алпысбаева Н.С., Тажинова Г.А.Бастауыш сынып оқушыларының нарықтық білімін қалыптастыру. Талдыкорган. Жетысуский  университет им. И. Жансугурова, 2019ж. Учебное пособие.
25Капенова А.А., Сыдыкова Б.Т.Қарым-қатынас және сөйлеу мәдениеті. Республиканский научно-практический центр «Дарын». Астана 2019 г.
Электронды оқулықтар
26Майлыбаева Г.С.Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі. ЭЕМ-ге арналған бағдарлама. Жетысуский  университет им. И. Жансугурова. 04.03.2019 
27Майлыбаева Г.С., Асылова Р.О., Галиева А.Н., Чункенова С.С.Қарым қатынас және сөйлеу мәдениеті. ЭЕМ-ге арналған бағдарлама. Жетысуский  университет им. И. Жансугурова. 04.03.2019 №2103 
28Асылова Р.О., Майлыбаева Г.С., Ержанова Г.Ж., Галиева А.Н.Кәсіби қазақ тілі. Электронды оқу құралы. 25.06.2019 
29Борибекова Ф.Б., Алпысбаева Н.С., Тажинова Г.А.Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту. Талдықорған. Жетысуский университет им. И. Жансугурова, 2018- 2019г. Электронное учебное пособие
30 

Жолтаева Г.Н., Тугельбаева Ж.Н.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің диагностикалық іс-әрекетін қалыптастыру. ЭЕМ-ге арналған бағдарлама. Жетысуский  университет им. И. Жансугурова. 11.06.2019 г.
31Жакипбекова С.С.«Подготовка учителя начальных классов к совместному обучению детей с нормальным и нарушенным развитием». Учебно-методическое пособие в электронном формате. Свидетельство №1533. 31.01.2019г. Талдыкорган
Оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізу:
1Ыбыраимжанов К.Т.«Білім беруді интернационализациялау» тақырыбындағы магистранттарға арналған электронды оқулығын ендіру актісі. 01.09.2015
2Ыбыраимжанов К.Т.Акт разработки и внедрения инновационных технологии обучения или его элементов в учебный процесс «Внедрение технологии индивидуализированного обучения  в учебный процесс». От 12.10.2015
3Ыбыраимжанов К.Т.Оқу процесіне педагогика және психология факультеті оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы 6М010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған «Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі» тақырыбындағы магистранттарға арналған электронды оқулығын ендіру акті. 01.09.2015
4Ыбыраимжанов К.Т.6М010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған «Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі мәселелері» тақырыбындағы магистранттарға арналған электронды оқулығын ендіру акті. 01.09.2015
5Ыбыраимжанов К.Т.Акт разработки и внедрения инновационных технологии обучения или его элементов в учебный процесс «Внедрение технологии индивидуализированного обучения  в учебный процесс». От 14.10.2015
6Асылова  Р.О.5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бакалавриаттың 3 курсына арнап Кәсіби қазақ тілі пәнінен 2,12 МБ «Кәсіби қазақ тілі» электрондық оқулығын ендіру акті. 2019-2020 оқу жылында.
7Асылова  Р.О., Майлыбаева Г.С., Галиева А.Н., Ержанова Г.Ж. 5В010500 – «Дефектология» мамандығы бойынша бакалавриаттың 3 курсына арнап Кәсіби қазақ тілі пәнінен  «Кәсіби қазақ тілі» атты оқу-әдістемелік құралын ендіру акті. 2019-2020 оқу жылында.
8 Асылова  Р.О., Майлыбаева Г.С., Галиева А.Н., Ержанова Г.Ж. 5В010500 – «Дефектология» мамандығы бойынша бакалавриаттың 3 курсына арнап Кәсіби қазақ тілі пәнінен  3,9 МБ «Кәсіби қазақ тілі» электрондық оқулығын ендіру акті. 2019-2020 оқу жылында.
9 Асылова  Р.О.5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бакалавриаттың 3 курсына арнап Кәсіби қазақ тілі пәнінен 99 бет «Кәсіби қазақ тілі» оқу-әдістемелік құралын ендіру акті. 2019-2020 оқу жылында. 
10 Майлыбаева Г.С., Асылова  Р.О., Галиева А.Н., Чункенова С.С.6В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 6В010500 – «Дефектология» мамандықтары бойынша бакалавриат 3 курсына «Қарым-қатынас және сөйлеу мәдениеті» пәнінен 162 бет «Қарым-қатынас және сөйлеу мәдениеті» атты оқу құралын ендіру акті. 2019-2020 оқу жылында. 
ғылыми-зерттеу қызметі

2018-2024 жылға кафедраның ғылыми-зерттеу бағыты:  

Мақсаты: Қазақстан жастарының азаматтық-патриоттық тәрбиесін «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде дамыту

  • Жоғары оқу орнында инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру.
  • Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге педагогтардың даярлығын қалыптастыру.
  • Кафедраның ПОҚ халықаралық, республикалық, университетішілік ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысады. Кафедраның ПОҚ Республикалық  және халықаралық басылымдарда жұмыстары ККСОН басылымдарда, Scopus, Thomson Reuters ғылыми журналдардың базасына енгізілген.

СТУДЕНТТЕР МЕН МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Ғылыми үйірмелер, ғылыми жобалар мен проблемалық топтар:

СҒЗЖ  мақсаты маман-бакалаврларды  даярлауда теориялық және практикалық деңгейлерді арттыру болып табылады. СҒЗЖ  міндеттері- оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасында студенттердің танымдық қызметін арттыру, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын  жандандыру болып табылады; зерттеу әдіснамасы мен әдістерін оқыту; ғылыми зерттеулерге студенттерді қатыстыру; ғылыми және оқу үдерісінің бірлігін  сақтау. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту ғылыми үйірмелер мен проблемалық топтар арқылы жүзеге асырылады.

Студенттер жыл сайын халықаралық және республикалық деңгейдегі студенттік ғылыми конференцияларға қатысады. «Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі» кафедрасында ғылыми үйірмелер мен проблемалық топтар жұмыс істейді.

Ғылыми үйірмелер: «Речевое развитие детей» жетекшісі п.ғ.к., доцент Ханина Н. Н.,» Ізденіс «проблемалық тобы жетекшісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Капенова А.А.,»Сөз этикасы » линвистикалық үйірмесі жетекшісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Бакраденова А.Б., магистр, аға оқытушы Таурбекова А.С. «Қамқор» студенттік еріктілер тобы жетекшісі философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м. а. Майлыбаева Г.С.

ҚР БҒМ қаржыландыратын гранттық жобалар

Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасында 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру шеңберінде мынадай жобалар іске асырылуда:

Зерттеу тақырыбы

Орындаушылар 

AP08856314 «Оқушыларды қашықтықтан оқытуға педагогтердің дайындығын қалыптастыру».Жетекші: Майлыбаева Г.С.
AP08856810 «Жаңартылған білім мазмұнына бейімделген болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру».Жетекші: Ыбыраимжанов К.Т.
AP08857092 «Организация довузовской подготовки лиц с ограниченными возможностями здоровья в системе инклюзивного высшего образования».Жетекші: Жакипбекова С.С.

Scopus базасындағы Хирша индексі бар ПОҚ тізімі

Оқытушының аты-жөні

Кафедра Индекс Хирша немесе Scopus базасында индекс Самоцитирование
1Майлыбаева Г.СОқыту және тәрбиелеу әдістемесі32
2Ыбыраимжанов К.Т.Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі22
3Жакипбекова С.СОқыту және тәрбиелеу әдістемесі11
4Асылова Р.ООқыту және тәрбиелеу әдістемесі11
5Абилгазиева Ж.КОқыту және тәрбиелеу әдістемесі11
академиялық ұтқырлық

2011 жылдан бастап кафедра студенттері мен ПОҚ академиялық ұтқырлығы жүзеге асырылуда.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттер мен магистранттарға білімін жалғастыруға немесе ғылыми-зерттеу бағдарламасына қысқа мерзімді білім алуға қатысу жолымен шетелде ғылыми тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша К.Д. Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері І.Жансүгіров ат.ындағы ЖУ-ден білім алды:

2011 -2012 оқу жылында – Бегджанова Тэзегуль Ялкашбаевна, Цивилева Кира Олеговна;

2012-2013 оқу жылында – Морозова Евгения, Насупкина Екатерина;

2013-2014 оқу жылында – Суконина Наталья, Маслова Александра, Новикова  Олеся, Зуболомова Владлена;

2014-2015 оқу жылында – Мосягина Светлана, Золотцева Наталья, Ефремова Елена, Макагонова Анастасия Сергеевна;

2015-2016 оқу жылында – Лещук Диана, Фадеева Анна, Гладких Евгения.

2013-2014 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 5В010200- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 3 курс студенті Макагонова Анастасия Сергеевна К.Д. Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік университетіде (Ресей) оқудан өтті.

2015-2016 оқу жылы сыртқы академиялық ұтқырлық аясында 5В010200- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4-курс студенті Ли Инна Чехия қ. Оломоуц университетінде (Палацк) білім алды, ішкі академиялық ұтқырлық аясында 5В010200- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4-курс студенті Ишелева Ирина Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқудан өтті.

2013-2014 оқу жылы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 6М010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының  магистранты Алипбаева  А.А. Варшава университетінде (Польша) оқудан өтті.

Erasmus KA1 бағдарламасы бойынша 6D010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс докторанты Жакипбекова Сауле Сотиялдиновна София университетінде Әулие Климент Охридский университетінде (Болгария) оқудан өтті

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысқан студенттер «Жаңа әлемдегі жастар және ғылым» республикалық ғылыми- тәжірибелік конференция жұмысына белсенді қатысады.

2014 ж. 13-14 наурыз. Н.Суконина, В.Зуболомова «Духовно-нравственное воспитание младших школьников» атты баяндама жасады (жетекші Ханина Н.Н.). А.Маслова, О.Новикова «Оценка знаний младших школьников» (жетекші Ханина Н.Н.), 2015 ж. 10-11 сәуір  2 курс студенттері К.Д. Ушинский атындағы ЯМПУ (Ярославль қ.) Мосягина, Н. Золотцева, Е. Ефремова «Организация внеурочной деятельности владших школьников» (жетекші Ханина Н.Н.). Конференциялар материалдарында баяндамалардың тезистері жарияланды.

Қазақстан мен шетелден профессорлар мен доценттер (п.ғ.д. О.В.Плохотник, п.ғ.д. З.А.Мовкебаева, п.ғ.к. Г.А.Абаева, пс.ғ.к. А.Н.Аутаева) шақырылып, білімгерлерге дәріс жүргізді.

2014 ж. академиялық ұтқырлық шеңберінде Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің доценті, пс.ғ.к.В. Чистов «Бірінші сынып оқушысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы» пәні бойынша ағылшын тілінде курс оқыды.               2015-2016, 2016-2017 оқу жылдарыС. Аманжолова ат. ШҚМУ психология және коррекциялық педагогика кафедра доценттері Коккозева Кульчария Шамильевна,  Северинова Елена  Александровна,  Стельмах Светлана Александровна виртуалды академиялық ұтқырлық аясында дефектология мамандығының студенттері мен магистранттарына дәріс оқыды және тәжірибелік сабақтар өткізді. 2014 ж. кафедра доценті Жолтаева Г.Н. «Жалпы білім беретін мекемелердің бастауыш сыныптарындағы психикалық дамуы тежелген балаларды интеграциялап түзете-дамыта оқыту» тақырыбында Дюссельдорф (Германия) қаласында ғылыми тағылымдамадан өтті.

30.09.2018-04.10.2018 аралығында Дубай қаласында Еуроазиялық зерттеушілер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Білім, білім беру және оқыту» саласындағы ІІІ Халықаралық конференциясына І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті педагогика және психология факультетінің оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы қауымдастырылған профессоры(доцент)., PhD философия докторы Майлыбаева Г.С., қауымдастырылған профессоры(доцент)., филология ғылымдарының кандидаты Асылова Р.О., музыкалық білім кафедрасының меңгерушісі м.а., қауымдастырылған профессор (доцент) Усенова А.К, оқытушы, магистр Тынысханова А.Т., «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс докторанты Жабыкбаева Д.М. қатысты. Конференцияда «Қазақстан мен Беларусь екі жақты мәдениет аясында жастардың ұлтаралық төзімділігінің мәдени-әлеуметтік қыры» тақырыбында баяндама оқылды. Конференция соңында қатысушыларға сертификат берілді.

2017-2018 оқу жылында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының магистранттары Ли Инна сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберінде Чехия, Оломоуц қаласында оқыды.

2018-2019 оқу жылының 1-ші семестрінде 5В010200- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының НР – 211топ білімгерлері Мухаметшина Маргарита мен Вереттенникова Алена К.Д. Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінде (Ресей), ал 5В010100- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу көптілді оқытумен МДА-311 Бондарь Маргарита Владимировна Палацк университетінде (Чехословакия) білім алды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылдың 6-16 қарашасында және 2019 жылдың 8-16 сәуірінде Қоқан қаласында (Өзбекстан) И.М. Мукими атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтында студенттерге келесі пәндер бойынша дәрістер оқылды: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына арналған «Мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеуді дамыту әдістемесі» және «Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Педагогикалық психология».

Институт оқытушыларымен, белсенді студенттермен кездесулер ұйымдастырылды, шеберлік сыныбы өткізілді, тренинг өткізілді.

2019 жылдың 27 наурызында оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасында, І.Жансүгіроватындағы ЖМУ біліктілікті арттыру және қосымша білім беру бөлімімен бірге, психология ғылымдарының докторы, профессор Волдемар Колга (Эстония, Таллин университеті) «Мәдениет және адамның даралығын қалыптастыру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарға оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының практикалық базасының өкілдері қатысты: Талдықорған қаласындағы №1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация психологтары, балабақша меңгерушілері, №42, №45 балабақшалардың педагог-тәрбиешілері, сонымен қатар педагогика және психология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары және докторанттары қатысты.

Болон процесінің принциптерін және университеттің сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында Педагогика және психология факультетінің оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасында онлайн-дәрістер мен семинарлар аяқталды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына, 8D010200 – «Бастауыш білім берудің педагогикасы және әдістемесі» мамандығының докторанттарына және 7М01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының магистранттарына «Мектепке дейінгі мекеме басшысының психологиялық-педагогикалық дайындығы» пәнінен 2020 жылғы қазанның      5-нен бастап 30 қарашаға дейін Ибрагим Чечень университетінің доценті (Түркия), п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нургалиева Сания Айдархановна өткізді.

Шетелдік профессордың онлайн-дәрістерге қатысу нәтижелері бойынша докторанттар мен магистранттарға жүргізілген сауалнама академиялық ұтқырлықтың жеке тұлғаны дамыту үшін – басқа академиялық жағдайларда оқу тәжірибесін жинақтау үшін де, университеттегі оқу үдерісін жаңарту үшін де маңызды екенін көрсетті. Бұл біздің университеттің ғана емес, болашақ мамандардың бірыңғай еңбек нарығының қатысушылары ретінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.

Дәріс-семинар нәтижесінде магистранттар, докторанттар және профессорлық оқытушылар құрамына сертификаттар табысталды.

әлеуметтік-тәрбие қызметі
Тәрбие жұмысы бойынша бағдарламаны іске асыру барысында: студент тұлғасының қалыптасуына көмектесу; студенттер арасында негізгі құндылықтар, идеялар, наным-сенім қалыптастыру; азаматтық мәнін көрсететін белсенділігін: таңдаған мамандықа қызығушылық, патриоттық, өзінің отанына деген мақтаныш сезімін, ұлттық рәміздері мен дәстүрлерді құрметтеу, студенттердің саяси, құқықтық және адамгершілік мәдениетін жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын құрметтеу, құқыққа қарсы мінез-құлықтың алдын алу, студенттерде оқуға адал қарым-қатынас, еңбексүйгіштік қалыптастыру, студенттердің кәсібилендіру процесіне жәрдемдесу; ЖОО, факультетте, студенттік топтарда дәстүрлерді дамыту, студенттік топтарда бірлік, жағымды атмосфера қалыптастыру, студенттің қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе өзін өзі басқару органдарының көмек көрсетуі; салауатты өмір салты дағдыларын, тұрмыстық, эстетикалық және экологиялық мәдениетті, отбасылық қарым-қатынас мәдениетін дамыту және тереңдету;студенттердің мәдени бос уақыттарын ұйымдастыруға жәрдемдесу, оларды түрлі оқудан тыс қызметтерге белсенділігі тартужұмыстары жүргізіледі. 1 курс топ кураторлары студенттерді І.Жансүгіров атындағы ЖМУ тарихымен,  құрылымдық бөлімшелермен және ішкі Ережесімен таныстырады. Сондай-ақ, академиялық топпен (оқу жылына, семестрге) негізгі нормативтік құжаттармен сәйкес (Университет жарғысы, тәрбие жұмысы Концепциясы, ЖМУ тәрбие жұмысының жоспары және т.б.) жұмысын жоспарлайды; топ белсенділерімен үнемі өзара қарым-қатынас жасайды; кураторлық сағаттар жүргізеді, топтың оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша жалпы жиналыс ұйымдастырып, деканмен, жатақханамен байланыста болады; студенттерді ҚР негізгі Заңдарымен таныстырады («Білім туралы», «ҚР тіл туралы», Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы), Елбасының Қазақстан халқына жолдауларымен, және басқа нормативті құжаттармен таныстырады. Студенттерді тәрбиелік сипаттағы жоспарлы іс-шараларға тарту 95 % құрайды. Жалпы, тәрбие жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының жастар саясатын жүргізу саласындағы бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі. Факультетімізде оқитын студенттердің басым бөлігін қыз балалар құрайтындықтан қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс  дағдысы, қыз  намысы, сымбаты туралы іс-шаралар жиі өткізіледі. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында  2017 жылы 15 қарашадасында   «Дефектология» және «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 2 курс білімгерлері мен топ кураторлары А.С.Батырғалиева мен Н.С.Алпысбаеваның   ұйымдастыруымен   «Мәңгілік ел бастауы – рухани жаңғыру» тақырыбындағы апталықта «Қазақстан – достықтың киелі бесігі» атты ұлттар достығы фестивалі өтті.   Фестивальдің мақсаты:  білімгерлерді этноаралық достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Аталған іс-шараға жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаментінің  директоры, з.ғ.к. Б.А.Сериев, құқық және экономика факультетінің деканы, PhD Б.Р.Таубаев, мәдени-көпшілік іс-шаралар бөлімінің басшысы С.Т.Шыныбаев және университет оқытушылары мен білімгерлері  қатысты. Фестивальда Қазақстанда тұратын  этностардың достығы жырланып, билері биленді. «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы  4 курс білімгерлері педагогикалық іс-тәжірие  кезінде №45 «Арман» балабақшасы меңгерушісі  С.Сейілғазиновамен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында семинар ұйымдастырды. Ал, осы мамандықтың 1курс білімгерлері А.С. Таурбекованың ұйымдастырумымен Рухани  жаңғыру аясындағы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықЖаңа гуманитарлық білім» атты тәрбие сағатын өткізді. 2018 жылғы 01 наурызда  кафедрамыздың аға оқытушысы Г.Ж. Ержанованың ұйымдастыруымен «Жемқорлық – ғасыр індеті» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Шараның мақсаты – болашақ мамандардың сыбайлас жемқорлық туралы түсініктерін қалыптастыру, адал еңбек етуге, жауапкершілікке тәрбиелеу. Тәрбиелік іс-шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің төрағасы, т.ғ.к. А.К. Катенов,  5В010500 – «Дефектология», 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының студенттері қатысты. Студенттік ғылыми қоғамдардың, ғылыми үйірмелердің, университеттің проблемалық топтарының жұмысы Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының «Қамқор» еріктілер тобы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Педагогика және психологя факультеті «Қамқор» студент волонтерлар тобы  – факультет, университет деңгейінде және білім беру мекемелері мен әлеуметтік ортада ерекше білім алуды қажет ететін тұлғалар және мұқтаж жандарға шығармашылық, танымдық, білімділік, саналы болмысын қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттері мен ғылымилық, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту барысында қамқорлық жасауда ерікті түрде құрылған студенттердің қоғамдық ұйымы. «Қамқор» студент проблемалық тобының   мақсаты: ерекше білім алуды және көмекке мұқтаж тұлғаларға (балалар, жастар, мүгедектер, зейнеткерлер жəне әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар) қолдау көсету, сонымен қатар Ұлы дала мұрасы қоршаған ортаны қорғау және сақтау, туған жер, өскен өлкенің киелі жерлерін, тылсым табиғатын насихаттау тұрғысынан атқарылатын іс-шараларды негіздеу және әдістемесін жүйелеу. «Қамқор» студент волонтерлар тобымен атқарылған іс-шаралар Талдықорған қаласы №27 орта мектеп-гимназиясының аз қамтылған отбасы оқушыларына «Мектепке апарар жол» қайырымдылық акциясы жүргізілді. Акция барысында  мектепке қажетті киім-кешек пен канцеляриялық  құрал-жабдықтар табысталды және 7-сынып оқушыларымен «Қайырымдылық – азаматтық борышың» тақырыбында сыныптан тыс тәрбиелік іс-шара жүргізілді. «Қамқор» студент проблемалық тобы  – дала саудагерлері мен үйсіз жүрген көше адамдарына күн салқындығында жылынсын деген мақсатта ыстық шәй мен біраз тіске басарлар таратты. Шағын шара аясында еріктілер көмек берген жандардан бата мен мол алғыс алды. «Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік». Мақсаты: Ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, ардагер ұстаздарға қошемет көрсету, ұстазды сыйлау, адамгершілікке тәрбиелей отырып, ұлағатты ұстаздарымызды төл мерекелерімен құттықтау. Осы шара аясында топ жетекщісі Майлыбаева Г.С топ қыздарына бағбандық, гүлдерге күтім көрсету бойынша шағын мастер класс өткізілді. Өздері отырған гүлдерді факультет ұстаздарына тарту етті. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына «Абай дара Абай дана қазақта» атты ашық тәрбие сағаты. Мақсаты: Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру. 01.06.2020ж «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Педагогика және психология факультеті деканы п.ғ.д., профессор К.Т. Ыбыраимжанов басшылығымен «Қамқор» волонтерлар проблемалық топ жетекшісі PhD философия докторы., қауымдастырылған профессор Г.С. Майлыбаеваның ұйымдастыруымен, университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімі бастығы А.С. Оспановамен бірлесіп Талдықорған қаласы №27 ора мектеп гимназиясының әлеуметтік жағдайы төмен отбасы оқушыларына көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы жүргізілді. Қайырымдылық акция барысында оқушыларға киімдер және тәттілер табысталды. Акцияға «Қамқор» волонтерлар тобы мүшелері «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 2 курс студенттері Б. Кожахмет, Н. Жапсарбаева, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекші мәдени ұйымдастырушысы –  А.О. Сулейменова,  мәдени ұйымдастырушы – А.К. Юсупова қатысты. Нәтижесі №27 ора мектеп гимназиясының m.facebook парақшасында және І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті сайтында көрсетілген. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=147798363487840&id=100047730304423 Кафедраның тәрбие жұмысы университеттің, факультеттің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
  • Адамгершілік және патриоттық тәрбие модулі
  • Рухани-адамгершілік, зияткерлік-шығармашылық, эстетикалық тәрбие модулі
  • Инновациялық және корпоративтік тәрбие модулі
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру модулі
Оған ұйымдастырушылық мынадай жұмыс түрлері жатады: патриотизмді дамыту, мәдени, спорттық, адамгершілік-эстетикалық, экологиялық, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ЖҚТБ-ға, нашақорлыққа және темекі шегуге қарсы күрес, мемлекеттік тілді, діни және ұлттық тәрбиені дамыту, түрлі құқық бұзушылықтарға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сондай-ақ оқу және еңбек мәдениетін тәрбиелеу жөніндегі жұмыс сияқты жұмыс түрлері кіреді. Бұл жағдайда студенттердің ата-аналарымен тығыз байланыс сақталады. 2018-2019 оқу жылында оқытушылармен бірлесіп «Қазақстан-менің Отаным», «адамгершілік-патриоттық тәрбиенің негізі», «Оқытудың инновациялық технологиясы» және т. б. іс-шаралар жоспарланды.» 12.09.2019 жылы педагогика және психология факультетінің аға оқытушысы Ж.М. Молбасынова және №1 Студенттер үйінде  Пқ 411 тобының студенттері «Көңілге нұр»атты психологиялық ойындар кешін өткізді. Т.Жұманғазиева мен Ш. Нұрлыбаева жатақхана студенттерімен «Кір жуғыш машина», Е. Абишев, С. Марлан «Жаңбыр», Д. Мұсабекова, М. Мұқан, М. Рахметуллаева «Сенемін саған» тақырыптарында психологиялық ойындар өткізді. Кеш соңында М. Серікбек әдемі әндерді гитарамен орындап, жатақхана студенттеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. ПОҚ тәрбие жұмысын жалпыуниверситеттік, факультеттік және кафедралық жоспарларға сәйкес жүзеге асырады. Негізінен тәрбие жұмысы топ оқытушыларымен келесі бағыттар бойынша  жүргізіледі: азаматтық және патриоттық, рухани-адамгершілік, зияткерлік-шығармашылық, эстетикалық тәрбие және дамыту, кәсіби және корпоративтік, салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және т.б. барлық жұмыстар Жастар ісі комитетімен (ЖІК) тығыз байланыста жүзеге асырылады. Кафедраның тәрбие жұмысының негізгі компоненттері студенттерге университеттік білім беруге ғана емес, сонымен қатар шығармашылық, үнемі жетілдірілетін, бәсекеге қабілетті және зиялы тұлғаны дамытуға бағытталған және жүргізіледі. Университеттің студенттік өмірі қызықты іс-шаралар мен оқиғаларға толы. Оқытушылар студенттермен бірге тәрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша дөңгелек үстелдер, кездесулер, диспуттар, конкурстар, концерттер өткізеді, спорттық жарыстарға қатысады. Студенттер тәрбиелік іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады. 2019-2020 оқу жылына оқытушыларға «ҚР мемлекеттік егемендігінің қалыптасуы», «Қазақстан – менің Отаным»атты тәрбие сағаттары жоспарланған. Студенттер университет, факультет, кафедра деңгейінде өтетін барлық іс-шараларға, сондай-ақ студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға белсене қатысады. Тәрбие процесі әдістемелік әзірлемелермен және ЖО-ның перспективалық жоспарымен қамтамасыз етілген. Жұмыс нәтижелері кафедра, факультет кеңесі, ЖУ Ғылыми кеңесі отырыстарында қаралады. Студенттер өткізілетін іс-шаралар туралы стендтер, ЖУ сайты, «Жетісу университеті» университеттік газеті арқылы хабардар етіледі. Біздің студенттер көптеген республикалық жарыстардың жеңімпаздары. Кураторлар мен эдвайзерлер » Біз жанбасақ алаулап… «, «Студенттерге арнау», «Мұғалімдер күні», «Тәуелсіздігімізге 25 жыл» және т.б. Іс-шараның мақсаты патриоттық рухты, Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту болып табылады және қазақ халқының тарихын еске салу болып табылады. Іс – шара барысында бейнероликтер мен слайд-шоу, ел тарихынан үзінділер көрсетілді, сондай-ақ патриоттық әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Жатақханада «Имандылық-тәрбие негізі!», «Қыз қылығымен көрікті!» тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Кафедра оқытушылары мен біздің студенттер университет өміріне белсенді қатысады.
Білім беру бағдарлама жетістіктері

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ыбыраимжанов Калибек Турдыгазиевич Қазақстан Республикасы Педагогика Ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі, "Жоғары оқу орнының үздік педагогы "(2009 ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталған. 100-ден астам мақалалар мен ғылыми - әдістемелік еңбектердің авторы, оның ішінде 1-монография, 3 оқулық, 3-оқу құралы.

Ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Асылова Раушан Омаровна 2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің Құрмет грамотасымен марапатталды, сондай-ақ "ХХІ ғасыр педагогы" атағына ие болды.

 

Жакипбекова Сауле Сотиялдиновна өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі жетістіктері үшін "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды.

Жакипбекова Сауле Сотиялдиновна еліміздің ұрпағын тәрбиелеуге және білім беруге қосқан үлесі үшін "Қазақстанның үздік мұғалімі" орденімен марапатталды.

Ханина Надежда Николаевна  өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды.

Жетісу университетінің оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессор(доцент) м.а., философия докторы (PhD) Майлыбаева Гульмира Сабыровнаны Франция Конкорд Академиясының корреспондент мүшесі атанды. Париж. 2018ж

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өткен Жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas ǵalym» конкурсында «Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері» білім беру бағдарламаларының оқытушысы  Мухашева Меруерт Бауыржановна және 1 курс студенттері Тоқтасынова Балжан, Серікбек Сандуғаш «Білім беру робототехникасы» атты ғылыми жобалары мақұлданды. Қаржыландыру сомасы – 1 400 000 теңге.

«Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері» білім беру бағдарламасының жетекшісі философия докторы PhD Р.С.Желдибаева «500 ғалым» жобасы аясында «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. Тағылымдама 2024-2025 оқу жылында Иллинойс штатының орталығындағы Урбана-Шампейн қаласында орналасқан Иллинойс университетінің ең үлкен кампусында өтеді. 

профессор-оқытушылар құрамы

Желдибаева Райгуль Сериковна

БББ жетекшісі

    Борибекова Фарзана

    қауымдастырылған профессор (доцент)

    +7(705)-273-00-91

    f.boribekova@mail.ru

    ТОЛЫҒЫРАҚ

      Тажинова Гульнар Амангельдиновна

      магистр, аға оқытушы

       +7(747)-958-40-90

      gulnara71.a@mail.ru

      ТОЛЫҒЫРАҚ

      Алпысбаева Нургуль Саркытбековна

      магистр, аға оқытушы

      +7 (708) -593-74-50 

      nurka.tk@mail.ru

      ТОЛЫҒЫРАҚ

      Бакраденова Алтын Бакраденовна

      п.ғ.к.., доцент, қауымдастырылған профессор (доцент)

      +7 (747)-892-01-28

      altyn.bakradenova@mail.ru

      ТОЛЫҒЫРАҚ

      Жолтаева Гульнар Нурболатовна

      п.ғ.к., доцент, қауымдастырылған профессор (доцент)

      +7 (747)-876-95-37

      gnzh1661@mail.ru

      ТОЛЫҒЫРАҚ

      Ханина Надежда Николаевна

      п.ғ.к., аға оқытушы

      Майлыбаева Гульмира Сабыровна

      философия докторы (Phd), қауымдастырылған профессор (доцент)

      +7 (702)-932-21-16

      gulmirasabyr@mail.ru

      ТОЛЫҒЫРАҚ

      Фейзулдаева Салтанат Арасатовна

      философия докторы (PhD), аға оқытушы

      +7 (778)-546-89-89

      salta7172@mail.ru

      ТОЛЫҒЫРАҚ

      Капенова Анар Амирхановна

      п.ғ.к., доцент, қауымдастырылған профессор (доцент)

      +7 (776)-200-01-04

      keddrcom@list.ru

      ТОЛЫҒЫРАҚ

      Таурбекова Айнур Сапашовна

      магистр, аға оқытушы

      +7 (701)-739-24-98

      taurbekova71@mail.ru

      ТОЛЫҒЫРАҚ

      Сарсекулова Диляра Мадиевна

      магистр, оқытушы

      +7 (747)-264-10-84

      dilyara1203@mail.com

      ТОЛЫҒЫРАҚ

      Кыстаубаева Ботагоз Кыстаубаевна

      магистр, оқытушы

      +7 (747)-253-79-15

      botik8181@mail.ru

      ТОЛЫҒЫРАҚ

      Альменбетова Карлыгаш Жапсарбаевна

      магистр, оқытушы

      + 7 771 405 95 23

       

       

      Ыбыраимжанов Калибек турдыгазиевич

      п.ғ.д., профессор