Жоғары мектептерде құрылған Академиялық сапа жөніндегі комиссия білім беру бағдарламаларының мазмұны мен олардың орындалу жағдайы, бағалау саясаты және басқа да академиялық мәселелер, білім беру бағдарламалары мен пәндер/модульдердің сапасы, емтихан материалдарының сапасы және академиялық адалдықты бұзу бойынша білімгерлер арасында тұрақты түрде сауалнама/мониторинг жүргізеді.
Білім беру үдерісі және білім сапасына қатысты өзекті мәселелер жоғары оқу орындары кеңестерінің отырыстарында және Ғылыми кеңестің отырыстарында жоспарға сәйкес талқыланады.