Үлкенге құрмет, ұстазға тағзым!

Педагогика және психология факультетінің оқытушы-дәріскерлері Исатаева Әсел Алимқожақызы, Кыстаубаева Ботагоз Кыстаубаевна және Сарсекулова Диляра Мадиевнаның ұйымдастыруымен Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Факультетіміздің ардагер ұстаздары – тарихымыз бен тағылымымыздың, мол тәжірибе мен өмірлік даналықтың асыл қазынасы. Олардың білім беру мен жас ұрпаққа тәрбие беру жолындағы еселі еңбегі кейінгі буынға әрдайым өнеге.

Мерекелік шара барысында факультет оқытушылары мен ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетілді. Студенттер ән мен жырдан шашу шашып, әсерлі өнерлерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Үлкенге құрмет, ұстазға тағзым – Педагогика және психология факультетінің ізгі дәстүрі!

Барша ардагерлеріміз бен ұстаздарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық және еңбектеріне толағай табыс тілейміз!