ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Ұстаздар мерекесі қарсаңында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Журналистика кафедрасының оқытушысы Әлбатыр Ілесбек ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Саналы ғұмырын білім саласына арнап, болашақ журналистерді даярлауға үлес қосып жүрген ұстаздың еңбегі мереке қарсаңында осылайша лайықты бағасын алды. Алғыс хатта оның білім мен ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі, абыройлы еңбегі мен адал қызметі атап өтілген.

Шәкіртке білім берумен бірге мамандықтың қыр-сырын үйретіп, бағыт көрсету – ұстазға жүктелер үлкен жауапкершілік. Ілесбек Әлбатырұлын марапатымен құттықтаймыз!