ҒЖБМ ҒК гранттық қаржыландыру (2023-2025жж.) шеңберіндегі «Гуманитарлық ғылымдардаму процесіндегі Ілияс Жансүгіров мұрасы: ХХІ ғасыр контексінде» (ЖСН AP19680053) ғылыми жобасының 2023 жылдың күнтізбелік жоспарына сәйкес іске асырылуы туралы есебі

Жоба мақсаты: Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық мұрасын ономопоэтика, этнопоэтика, лингвопоэтика және дәстүрлі дүниетаным жайттарын саралау, тарихшылдық, фольклоршылдық, көсемсөздік қырларын өзара сабақтастықта пайымдау, жазушы шығармашылығындағы көркем этнографияның қолданысына байланысты ерекшеліктерді ғылыми тұрғыдан талдап, отандық және әлемдік пәнаралық зерттеулерде алатын орнын анықтау және жинақталған материалдарды цифрландыру арқылы Жансүгіровке арналған сайт ашу.

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР

Шілде-Қараша 2023

Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық мұрасын зерттеген ғалымдардың теориялық еңбектерін жүйелеу. 

Шілде-Қараша 2023

Алматы қаласындағы орталық  мемлекеттік архивтегі  қолжазбалар қорымен жұмыс жасау.

Қазан 2023

Ташкент қаласына іс-сапар.

Қыркүйек 2023

Қызылорда қаласына іс-сапар.

Шілде-Қараша 2023

«Ілиястану» оқулығын шығару.

Шілде-Қараша 2023

Халықаралық конференцияларға баяндама жасау, қатысу, мақала жариялау.

1

ғылыми жарияланымдар

0

авторлық куәлік

0

сертификат

0

оқу құралы

2023 ЖЫЛЫ АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕР

1. ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕГЕН ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІН ЖҮЙЕЛЕУ.

Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық мұрасын зерттеген ғалымдардың теориялық еңбектері «Ілияс Жансүгіров шығармашылығы», «І.Жансүгіров және журналистика», «І.Жансүгіров және ономастика», «Ілияс Жансүгіров және этнопоэтика», «І.Жансүгіров және Жетісу тарихы», «І.Жансүгіров және архив құжаттары», «І.Жансүгіров және сандық технология» бағыттары бойынша жүйеленіп, 88 әдебиеттен тұратын тізім дайындалды.

2. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВТЕГІ ҚОЛЖАЗБАЛАР ҚОРЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ.

Жоба орындаушылары Ш.Кыяхметова, М.Джакыпбекова қаламгердің архивтік қордағы жарияланбаған еңбектерін іздестіру, жинақтау, жүйелеу, төте жазудан кирилл таңбасына түсіру және зерттеу жүргізу мақсатында 2023 ж. 11-22 қазан айында Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік архив пен Ұлттық кітапханаға іс-сапарға барды. (Бұйрық №245 К 03.10.2023ж.). 

Ілиястың жарияланбаған архивтік қолжазбаларын (№1368 жеке қор тізбесі) ғылыми тұрғыда сала бойынша жүйелеп, баспаға ұсыну бағытында жұмыстар жасалынды. №1368 қолжазбалар қорындағы №1, №2, №3 тізбелердегі (опись) құжаттар сараланды. Архив қолжазбаларынан ғылыми айналымға түспеген «Мұз қала», «Құсбегінің айналасында» поэмаларының мәтіндері іздестірілді, сұраныс жасалынды.

Іс-сапар жоспары аясында «Еңбекші қазақ» газетінің 1930 жылғы 25 қаңтардағы санында жарияланған Ғ.Мүсіреповтің Ілиястың әдеби ортасы жайлы жазылған «Әдебиеттегі жікшілдікке қарсы» атты төте жазудағы мақаласы кирилл таңбасына түсірілді.

3. ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНА ІС-САПАР.

Ілияс Жансүгіровтің Ташкент қаласында Қазақ-қырғыз институтында оқығандығы, баспа қызметіне араласқандығы, алғашқы шығармашылық іздері жайлы архив құжаттарын іздестіру мақсатында жоба орындаушылары М. Имангазинов, Е.Буланов 2023 ж. 2-7 қазан аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында шетелдік іс-сапарда болды (Бұйрық №214/1К 11.09. 2023). Іс-сапар барысында «Ә. Навои атындағы Өзбекстан ұлттық кітапханасының» «NODIR» сирек кездесетін басылымдар бөлімінде зерттеу жұмыстары жасалынды. https://zhetysu.edu.kz/2023/10/09/ғылыми-іссапар/
Зерттеу нәтижелері халықаралық конференция жинағында жарияланды. 

4. ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНА ІС-САПАР.

Жобаның ғылыми қызметкері Н.Мырзабек 2023 жылдың 16-23 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласында іс-сапарға барды (Бұйрық №216К. 13.09.2023). Іс-сапар барысында «Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде», «Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында» және «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі», осы музейдің филиалы «Ақмешіт» тарихи музейінде Ілиястың журналистігі бағытында зерттеу жұмыстары жасады. «Қызылорда облысының мемлекеттік архивіндегі» №4 тізбе (опись) құжаттары бойынша мәліметтер жинақтады.
Зерттеу нәтижелері ғылыми мақала түрінде жарияланды. 

«Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап кітапханасының» сирек қолжазбалар қорындағы І. Жансүгіровтің «Еңбекші қазақ» газетінің 1930 жылғы 17 ақпандағы санында жарық көрген «Жікке жол жоқ» атты төте жазудағы мақаласы кирилл таңбасына түсірілді.

5. «ІЛИЯСТАНУ» ОҚУЛЫҒЫН ШЫҒАРУ.

Жоба жетекшісі Ш.Кыяхметованың авторлығымен «Ілиястану» оқулығы дайындалып, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Ғылыми Кеңесі шешімімен баспаға ұсынылды (№2 хаттама, 28.09.2023ж.). Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы (03.10.2023 ж. №39380) куәлік алынды. Оқулық баспадан шықты. Көлемі- 12,25 б.т. 
1. Кыяхметова Ш.А. «Ілиястану»: оқулық, — Талдықорған, 2023 — 196 бет, ISBN 978-601-216-912-6 
Оқулықта Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық өмірбаяны, сөз өнерін игеру жолындағы алғашқы ізденістері, қоғамдық және мемлекеттік қызметтері, әртүрлі өнер саласына ат салысуы, поэмалар жазуы, прозаның дамуына қосқан үлесі, драматургиясы, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жариялап, зерттеуі, аудармашылық және журналистік қызметі, публицистикалық еңбектері, қаламгер шығармашылығының зерттелуі қарастырылған. Оқулық филолог мамандарға, жоғары оқу орындарының білім алушыларына арналған. 

6. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРҒА БАЯНДАМА ЖАСАУ, ҚАТЫСУ, МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ.

1. Джакыпбекова М.Т., Баратова М.Н. Ілияс Жансүгіровтің «Шәркей» әңгімесіндегі этнографизмдер. «Actual scientific research in the modern world» халықаралық ғылыми конференция материалдары жинағы. – Украина, Переславль: 26-27 аugust 2023, ISSUE 8(100), 109-112 бб. https://iscience.in.ua/arkhyv/2023 
Сертификат №КА238012 (27.08.2023). 
Сертификат №КА238014 ( 27.08.2023). 

2. Имангазинов М.М. Ілияс Жансүгіровтің Ташкентке сапары. «Культурология, искусствоведение и филология: современные взгляды и научные исследования» атты LXXVI халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары жинағы.–Москва, Изд.«Интернаука», № 9(69), 12.09.2023.62-69б.
https://www.internauka.org/conf/philology/lxxvi 
Сертификат Издательство Интернаука 12.09.2023. 

3. Мырзабек Н.Ж., Кыяхметова Ш.А. «Еңбекші қазақ» газеті және Ілияс. «Проблемы и перспективы развития современной науки в странах Евразии» атты VIII Халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференция материалдар жинағы. – Украина, Переславль: 30.09.2023, — 113. 71-74 бб. http://conferences.neasmo.org.ua/ 
Сертификат 0,8 кредит ECTS. 30.09.2023 
Сертификат 0,8 кредит ECTS. 30.09.2023 

4. Алдабергенова А.О., Кыяхметова Ш.А., Рахманова А.К. «Ілияс Жансүгіров мұрасы аясында «Ілияс әлемі» атты оқу-танымдық сайтын әзірлеу негізі». «Заманауи ғылым, білім және технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы. –Талдықорған, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, 20.10.2023ж.
5. Оспанова Ж.О., Кыяхметова Ш.А., Джакыпбекова М.Т. Методологические аспекты исследования журналистского творчества Ильяса Жансугурова в современной науке. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті хабаршысы. №3 (108) 2023 ж. – Талдықорған, Жетісу университеті баспасы.

ҚОСЫМША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Жоба орындаушылары Ш.Кыяхметова, М.Имангазинов «Abai tv» телеарнасымен бірге «Тағдырлы туынды» бағдарламасының Ілияс Жансүгіров туралы сериясын дайындауға ат салысты. https://youtu.be/kyL1i2W0324?si=xh9y8vQ4lyjuTxVP

Жоба орындаушылары М.М. Имангазинов, Е.О. Булановтың авторлығымен Ташкент сапары нәтижесінде Республикалық «Ана тілі» газетінде мақала жарияланды. 19.10.2023ж.
https://anatili.kazgazeta.kz/news/62381 

ЖОБА ОРЫНДАУШЫЛАРЫ