Филиалдың ашылу тарихы



Интернационалдандыруды дамыту мақсатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2023 жылғы 11 қазанда Марке политехникалық университетімен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Аталған меморандум университеттер арасындағы академиялық және ғылыми әріптестікті орнатып, дамытуға мүмкіндік берді. Ынтымақтастық туралы жасалған келісім І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Марке политехникалық университетінің филиалын ашудың және қосдипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге асырудың алғашқы қадамы болды.
Итальяндық университетпен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде Марке политехникалық университетінің І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіндегі филиалын ашу келісіліп, 2024 жылғы 25 қыркүйекте Италия мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлерінің, екі университет ректорларының қатысуымен филиалды ашу жөніндегі меморандумға салтанатты түрде қол қою рәсімі жүргізілді.
Марке политехникалық университеті туралы



Білім беру бағдарламасы
Университеттер арасында қосдипломды білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша шарт жасалып, «Ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары» — «Агрономия» білім беру бағдарламасы іске қосылды. Аталған білім беру бағдарламасын оқып шыққан түлектерге ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары саласындағы бакалавр дәрежесін тағайындайтын итальяндық диплом мен ауыл шаруашылығы саласындағы бакалавр дәрежесін тағайындайтын қазақстандық диплом берілетін болады.

Sara Ruschioni
«Agricultural entomology and zoology»

Luca Mazzoni
«Fruticulture»
Филиалдың профессор-оқытушылар құрамы
Аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында республикалық бюджет есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Марке политехникалық университетінің 2 оқытушысы 2024 жылғы 23 қыркүйектен 2024 жылғы 18 қазанға дейінгі аралықта оқытушылық қызметке тартылды. Осылайша, Sara Ruschioni «Agricultural entomology and zoology» пәні бойынша, Luca Mazzoni «Fruticulture» пәні бойынша дәрістер оқып, практикалық сабақтар жүргізді.
Қабылдау талаптары

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін
— Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі – кемінде 50 балл;
— Ағылшын тілін меңгеру деңгейі кемінде B1 деңгейі (IELTS сертификаты – кемінде 5,5 балл).
Шетелдік азаматтар үшін:
— Сұхбаттасудан өту;
— Ағылшын тілін меңгеру деңгейі кемінде B1 деңгейі (IELTS сертификаты – кемінде 5,5 балл).