Сериев Болат Абдулдаұлы
Ғылыми дәрежесі: Заң ғылымдарының кандидаты
Ғылыми атағы: Профессор
Халықаралық қоғамдық ұйымдарға мүшелігі: Қоғамдық қызметі: "Amanat" партиясы Жетісу облысы филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы; Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі; Жетісу облысы Әділет департаменті жанындағы комиссия мүшесі; Жетісу облысы жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі; Жетісу облысы ассамблеясы жанындағы ғылыми сараптаманың кеңес мүшесі.
Қызметі: Басқарма мүшесі - әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор
БІЛІМІ
- 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетітін заңгер мамандығы бойынша оқып, бітірген (ЖБ 0063728, №2994).
- 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп шықты (МТБ №0011007, №2978).
- 2009 жылы 19 наурыздағы шешімімен (№3 хаттама) «Құқықтану» мамандығы бойынша «Еңбек заңдарының бұзылуына байланысты қылмыстық ic жүргізуге жәбірленушінің өкілі ретінде адвокаттың қатысуы» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғап, заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді (ҒК №0002714).
- 2011 жылы 27 желтоқсанындағы шешімімімен (№9 хаттама) «Құқықтану» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді (ДЦ №00027546).
- 2018 жылы 10 қаңтардағы №7 бұйрығымен «Құқықтану» мамандығы бойынша профессор атағы берілді (ПР № 000159).
Мансаптық қызметі
- 2004 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қаласындағы «Дарын» колледжінің заң пәндері кафедрасының оқытушысы.
- 2005 жылғы қазаннан 2006 жылғы маусымға дейін Алматы қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң университеті Алматы заң Академиясының азаматтық құқық және азаматтық процесс кафедрасында оқытушы.
- 2006 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың тамызына дейін Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің еңбек құқығы және азаматтық процесс кафедрасында оқытушы.
- 2008 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың тамызына дейін Жетісу мемлекеттік университеті ректорының көмекшісі және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.
- 2009 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың тамызына дейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің бастығы және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.
- 2010 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың қыркүйегіне дейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі.
- 2015 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың сәуіріне дейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қаржы-экономика факультетінің деканы және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының доценті.
- 2017 жылдың сәуірінен 2018 жылдың қыркүйегіне дейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жастар саясаты департаментінің директоры және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының доценті.
- 2019 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың қарашасына дейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры.
- 2021 жылдың ақпан айынан бастап 2024 жылдың қыркүйек айына дейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жастар саясаты жөніндегі проректоры және құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының профессоры.
- 2024 жылдың қыркүйегінен қазіргі уақытқа дейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры және құқықтық пәндер кафедрасының профессоры қызметін атқарады.
Ғылыми тағылымдасы
- 2014 жылдың ақпан айында Түркияның Стамбул қаласындағы Фатих университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
- 2014 жылдың желтоқсанында Чехияның Прага қаласында Еуразиялық халықаралық ұтқырлық және іскерлік ынтымақтастық Одағының тағылымдамасынан өтті.
- 2017 жылдың қаңтар айында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ біліктілікті арттыру институтында тағылымдамадан өтті.
- 2017 жылдың қараша айында Португалия, Порту қаласының Жоғары инженерлік институтында Халықаралық тағылымдамадан өтті.
- 2019 жылдың сәуір айында Түркияның Анталия қаласындағы Ақдениз университетінде тағылымдамадан өтті.
- 2020 жылдың қазан айында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында «Білім берудегі менеджмент» біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫ
Б.А. Сериев 70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы, оның Scopus дерекқорына енгізілген — 8, ҒЖБССҚК-26, РҒДИ — 10, Хирш индексі (h-index) – 2. Ғылыми жетекшілігімен халықаралық (4 студент) және республикалық деңгейлердегі олимпиадалардан (1 студент) жүлделі орындарға ие болды.
Сондай-ақ, Өзбекстанның ЖОО-мен ынтымақтастық орнатылған. Гүлстан мемлекеттік педагогикалық институтымен, З.Бабур атындағы Әндіжан мемлекеттік университетімен, Мукими атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтымен, сондай-ақ, 2024 жылы Өзбекстан Мемлекеттік өнер және мәдениет институтының Ферғана өңірлік филиалымен ынтымақтастық туралы шарт жасалды.
Монографиялары
- Сериев Б.А. Еңбек заңдарының бұзылуына байланысты қылмыстық іс жүргізуге адвокаттың қатысуы: монография. – Алматы: «Юнилайн» баспасы, 2022 — 111 б. ISBN 978-601-7946-72-2
- Сериев Б.А. Мемлекеттік қызметкердің мәртебесін құқықтық қамтамасыз ету: монография. – Алматы: «Юнилайн» ЖК баспасы, 2022 – 151 б. ISBN 978-601-7946-71-5
- Сериев Б.А. Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық- құқықтық қырлары: монография. – Алматы: «Юнилайн» баспасы, 2022-116 б. ISBN 978-601-7946-70-8
- Сериев Б.А. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: қылмыстық- құқықтық аспектілері: монография. – Талдықорған: «Pixel» баспасы, 2023-133 б. ISBN 978-601-216-976-8
- Сериев Б.А. Адам ұрлау қылмысын саралау жолдары: монография. – Талдықорған: «Pixel» баспасы, 2023-103 б. ISBN 978-601-216-975-1
Оқу құралдары
- Бектурганов А.Е., Дусипов Е.Ш., Жатканбаева А.Е., Агыбаев А.Н., Ибраева А.С., Алдашев С.М., Беков К.А., Кишкенебаев Л.О., Беисов Е.Ж., Сериев Б.А., Копбасарова Г.К. Заңтанудан қазақша-орысша терминологиялық сөздік. – Талдықорған: «Жетісу университеті» баспасы, 2014. – 252 б.
- Zh. Beisov, B.A. Seriev, A. Altynbekkyzy. Criminal law of the Republic of Kazakhstan (General and special part). – Almaty: priting office «Aisan-Press», 2015. — 90p. ISBN 978-601-216-261-5.
- Б.А. Сериев, С.С. Тинистанова, Б.Ж. Айтимов. Заң ғылымдарының әдістемесі: оқу құралы. – Талдықорған: «Жетісу университеті» баспасы, 2017. – 124б. ISBN 978-601-7084-26-4
- Сериев Б.А., Султанова Г.С., Б.Ш. Гусенов. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: оқу құралы. – Талдықорған: «Pixel» ЖК баспасы, 2021. – 150б. ISBN 978-601-216-572-2.
- Сериев Б.А., Аяжанова М.К., Султанова Г.С. Мемлекеттік қызметкердің құқықтық мәртебесі: оқу құралы. – Талдықорған: «Pixel» ЖК баспасы, 2021. – 160б. ISBN 978-601-342-576-4
- Сериев Б.А. Заңгер этикасы: оқу құралы. – Алматы: «TechSmith» баспасы, 2022. – 148б. ISBN 978-601-342-815-4
- Айтимов Б.Ж., Сериев Б.А., Исаева А.Ж. Әкімшілік рәсімдік-процестік құқығы: оқу құралы. – Талдықорған: І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, 2023. – 112б. ISBN 978-601-216-894-5
Б.А. Сериевтің жетекшілігімен қорғаған философия докторлары (PhD)
- Айтимов Б.Ж. «Қазақстан заңнамалары бойынша коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық аспектілері». Философия докторы (PhD) (2017 жылғы 28 сәуірдегі №658 бұйрық, ҒД №0001812).
- Исаева А.Ж. «Еңбек дауларын сотта қаураудың процессуалдық ерекшеліктері». Философия докторы (PhD) (2021 жылғы 18 наурыздағы №4-1046 бұйрық, AFU №0000198).
- 3. Жұмаділова М.А. «Қазіргі жайғдайдағы ҚР электрондық сауданы азаматтық-құқықтық реттеу». Философия докторы (PhD) (2023 жылғы 22 желтоқсанындағы №5087-б/а бұйрық, PHD 00026995093).
Марапаттары
- 2011 жылы Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы-2011» облыстық байқауының – «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша жастар сыйлығының жеңімпазы.
- 2012 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағыттары бойынша жаңа бастамалары» жобасы үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы ғылыми-зерттеу жобалары мен жас ғалымдардың жұмыстары конкурсының қорытындысы бойынша Ұлт Көшбасшысы — Тұңғыш Президент Қорының грантының иегері.
- 2013 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері.
- 2022 жылдың маусым айында ҚР-ның Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасын қолдауға байланысты Алматы облысынан Жетісу облысын құру және оның шекарасын тиісті түрде өзгерту үшін жер бөлу мәселесі бойынша ғылыми-сараптамалық топта болып, Алғыс хатпен марапатталды.
- 2023 жылы ҚР-сы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.
- 2024 жылы АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штабтың үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатысқаны үшін Алғыс хат.
- 2024 жылы ҚР-ның ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен мараппатталды.
Ғылыми жобалары
3 ғылыми жобаның жетекшісі: 1) «Алматы облысында қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратудың құқықтық негіздері» (2021ж.); 2) «Совершенствование и научное обоснование механизма правового регулирования деятельности компаний на рынке строительных услуг» (2021ж.); 3) «Гуманизация пенитенциарной системы Республики Казахстан» (2023ж.). 1 ғылыми жобаның жетекші ғылыми қызметкері: «Интегративное исследование лудомании в Казахстане и мультидисциплинарные стратегии ее минимизации» (2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсы (ҚР ҒжЖБМ)).