ҒЫЛЫММЕТРИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ БӨЛІМІ
Бөлімнің мақсаты – университеттің негізгі ғылыми бағыттары аясында ғылыми-зерттеу және ғылыми-инновациялық жұмыстарды жүргізу үшін ғылыми әлеуетті тиімді пайдалану.
- Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдарының жарияланымдық белсенділігін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
- Зияткерлік әлеуетті дамыту және университеттің ғылыми және инновациялық қызметін тиісті кадрлармен қамтамасыз ету үшін жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау жөніндегі қызметті қамтамасыз ету.
- Ғылымметриялық және библиографиялық мәліметтер базасында индекстеу үшін журналдарды дамыту және жылжыту.
- Университеттің диссертациялық кеңестерінің тиімді жұмыс істеуі үшін жұмыстарды ұйымдастыру.
- Талантты зерттеушілерді анықтау және қолдауға жәрдемдесу, жас ғалымдардың шығармашылық өсуіне бағытталған шараларды жүзеге асыру.
- Халықаралық, республикалық, өңірлік ғылыми-практикалық конференциялар өткізу және материалдарды жариялау.
- ПОҚ, докторанттар, магистранттар және университет студенттеріне ғылыми зерттеу нәтижелерін университеттік, республикалық, халықаралық басылымдарда, оның ішінде импакт-факторы бар журналдарда жарияланымдарына жәрдемдесу және көмектесу.
- Елде және шетелде іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін ғылыми ұйымдармен ғылыми байланыстар мен өзара іс-әрекетті нығайту.
- Бөлім қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша жұмыстарды жоспарлау.
- Әкімшілікпен, ғылыми ұйымдармен, мемлекеттік және бизнес құрылымдармен өзара іс-әрекет жасау.
- Жарияланым белсенділігін, дәйексөз келтірілуін және ғылыми өнімділіктің басқа да көрсеткіштерін бағалауды қоса алғанда, ғылымметриялық талдау жүргізу.
- Ғылыми деректерді мониторингілеу және талдау жүйелерін енгізу және қолдау.
- Ғылымметриялық мәліметтер негізінде есептер мен ұсыныстар дайындау.
- ПОҚ, жас ғалымдар мен докторанттар үшін семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу.
- Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау туралы ақпараттың өзектілігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
- Жаңадан құрылған диссертациялық кеңестер бойынша құжаттаманы ресімдеу, сондай-ақ философия докторы (Рһ.D.) дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңестердің құрамын өзгерту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
- Диссертациялық кеңестің тиімді жұмысы үшін техникалық, ақпараттық қолдау көрсету.
- Постдокторантураға конкурс ұйымдастыру, постдокторантураға қабылдау ережелерінің сақталуын бақылау.
- Постдокторантураға құжаттарды қабылдау, есептердің уақтылы тапсырылуын бақылау.
- ҒЖБССҚЕК стандарттары және халықаралық стандарттар бойынша университеттің ғылыми басылымдарын дайындауда, оның ішінде оларды ғылымметриялық мәліметтер базасына жылжыту бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету.
- Ғылыми журналдардың редакциялық кеңестерінің жұмысын үйлестіру және редакциялық алқалардың құрамына және рецензенттер базасына дәйексөз келтіру көрсеткіштері жоғары ғалымдарды тартуға жәрдемдесу.
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерінің қатаң сәйкестігінде негізгі міндеттерді ұйымдастыру.
- Университеттің стратегиялық бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету және өз құзыреті шеңберінде негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу.
- ҒжҒКДБ-мі қызметінің сапасын қамтамасыз ету және мониторингілеу, өз құзыреті шеңберінде тәуекелдерді басқару.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушыларына ф-м. ғ. к., жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша білім беру бағдарламаларының қауымдастырылған профессоры (доценті) Рахимбеков Айтбай Жапарұлына және қаржы және қызмет көрсету саласындағы білім беру бағдарламаларының қауымдастырылған профессоры (доценті) Шомшекова Балхияға "2022 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағы берілді! Олардың әрқайсысы 6 млн. теңгеден астам сомада ақшалай сыйлық алды. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағы – оқытушылардың жоғары кәсібилігін, олардың жаңашылдығы мен инновациялық әлеуетін, педагогикалық және ғылыми қызметінің нәтижелілігін растайды.
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғалымдары П.ғ. к., профессор Ыбыраимжанов Калибек Турдыгазыұлына және философия докторы, қауымдастырылған профессор (доцент) Нұрмұханқызы Данияға ғылым саласындағы атаулы сыйлық және 2022 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендия берілді.
Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде 2022 жылы 99,2 млн. теңге сомасына 8 жоба орындалады.
Оның ішінде "Білім және ғылым саласындағы зерттеулер" және "Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер" басым бағыттары бойынша 2020-2022 жылдардағы ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық жобалар бойынша МФ жобалары жалпы сомасы 83,5 млн.теңгеге 5 жоба іске асырылуда.
2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша МФ "Білім және ғылым саласындағы зерттеулер" басым бағыты бойынша 59,9 млн.теңге сомасына 1 жоба іске асырылуда.
2022-2024 жылдарға арналған "Жас ғалым" жобасы бойынша "өмір және денсаулық туралы ғылым" және "жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер" басым бағыттары бойынша 37,8 млн.теңге сомасына 2 жоба іске асырылуда.
2022 жылғы 1 желтоқсанда жобаларды қорғау байқауы өтті. Конкурсқа 20 өтінім берілді, формальды белгілері бойынша 4 өтінім қабылданбады, тыңдау үшін 16 өтінім іріктелді, оның ішінде 8 жоба мақұлданды және іске асыру мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі қаржыландыру сомасы 12 млн теңгені құрады.
2022 жылғы 13 желтоқсанда "jas ǵalym 2023"жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарын марапаттау өтті.
2022 жылы барлығы 487 ғылыми мақала жарияланды (2021 ж. - 263), оның ішінде 2 мақала Web of Science ДБ, 49 – Scopus ДБ, 168 – РҒДИ (РИНЦ), 76 – БҒСБК тізіміндегі журналдарда, 166 – ЖУ хабаршысы, 27 – басқа да ғылыми журналдарда жарияланды.
2022 жылы ЖУ хабаршысы ғылыми журналында 202 мақала жарияланды.
2022 жылы конференция материалдарының жалпы жинағында 672 мақала жарияланды (2021 жылы 357 мақала).
2022 жылы басқа ғылыми журналдарда 22 мақала жарияланды (2021 ж. – 20 мақала).
2022 жылы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы 19 монография жариялады.
2022 жылы 7 патент және 114 авторлық куәлік алынды (2021 жылы 4 патент және 111 авторлық куәлік).
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы — 2021"жеңімпаздарын марапаттады.
І.Жансүгірова атындағы Жетісу университетінің оқытушылары Тасболатова Рыскүл Байтұрсынқызы, Алдабергенова Айгүл Оңалбекқызы, Жақыпбекова Мамиля Тургамбайқызы және Бекежанов Дәурен Нұржанұлы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021" республикалық байқауында жеңіске жеткені үшін Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қолынан марапатқа ие болды. "ЖОО-ның үздік оқытушысы-2021" атағын алған әрбір жеңімпаз 2000 АЕК (6 млн теңге) мөлшерінде төсбелгі мен сыйақы алды.
Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде 2020-2022 жылдары 194,7 млн. теңге сомасына 6 жоба орындалуда.
2021 жылы барлығы 270 ғылыми мақала жарияланды (2020 ж. - 490), оның ішінде 7 мақала Web of Science ДБ, 41 – Scopus ДБ, 96 – РҒДИ (РИНЦ), 50 – БҒСБК тізіміндегі журналдарда, 54 – ЖУ хабаршысы, 22 – басқа да ғылыми журналдарда жарияланды.
2021 жылы ғылыми журналда ЖУ хабаршысында 54 мақала жарияланды.
2021 жылы конференция материалдарының жалпы жинағында 357 мақала жарияланды (2020 жылы 502 мақала).
2021 жылы басқа ғылыми журналдарда 22 мақала жарияланды (2020 ж. – 62 мақала).
2021 жылы университеттің профессорлық оқытушылық құрамы 27 монография жариялады.
2021 жылы 2 патент және 111 авторлық куәлік алынды (2020 жылы 5 патент және 82 авторлық куәлік).
Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде 2020 жылы 50,1 млн. теңге сомасына 10 жоба орындалуда.
2020 жылы «JAS GALYM 2020-2021» байқауы өткізілді.
2020 жылы барлығы 480 ғылыми мақала жарияланды (2019 ж. - 583), оның ішінде 11 мақала Web of Science ДБ, 34 – Scopus ДБ, 55 – РҒДИ (РИНЦ), 256 – БҒСБК тізіміндегі журналдарда, 86 – ЖУ хабаршысы, 52 – басқа да ғылыми журналдарда жарияланды.
2019 жылы І.Жансүгіров атындағы «Жетісу университетінің Хабаршысы» журналына мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлік алынды.
2020 жылы жалпы конференция материалдар жинағында 502 мақала жарияланды (2019 ж – 457 мақала). Оның ішінде 86 мақала халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағында, 416 республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағында жарияланды.
2020 жылы басқа ғылыми журналдарда 52 мақала жарияланды (2019 ж. – 60), оның ішінде шетелдік ғылыми журналдарда – 26 мақала, ұлттық ғылыми журналдарда – 26 мақала
2020 жылы университеттің профессор-оқытушылар құрамы 19 монография шығарды.
Зияткерлік меншік құқығын растайтын құжаттар санының өсуі байқалады. 2020 жылы 6 патент және 81 авторлық куәлік алынды.
Абайдельданова Меруерт Кебековна
Бөлім басшысы
+7 (728) 222 17-79 ;
Ішкі (1155)
meruert.abaydeldanova@mail.ru