ҚАУЫМДАСТЫҚ ТУРАЛЫ

                                                                                          Құрметті І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлектері!

 45 жылдан астам уақыт бойы біздің университет ҚР Білім беру жүйесіне, ғылымға үлкен үлес қосып келеді. Осы уақыт ішінде біздің университеттің түлектері әртүрлі салаларда жұмыс істейді. Олардың арасында ғалымдар, оқу орындарының басшылары, жоғары білікті мамандар бар. 2009 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Түлектер Қауымдастығы» құрылды. Жүздеген түлектерді біріктіріп, университеттегі студенттік жылдарды, курстастары мен оқытушыларын жылы шыраймен еске алды.

Қауымдастықтың басты мақсаты мен міндеті – Қазақстан Республикасының әлеуметтік‑экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған түлектердің интеллектуалдық, шығармашылық күштері мен іскерлік әлеуетін біріктіру, сонымен қоса, түлектердің жеке өмірлерінде және өз тәжірибелерінде жиі кездесетін мәселелердің нәтижелі шешімдерін табу, университеттің стратегиялық дамуына жәрдемдесу. Біздің жұмысымыздың мақсаты – түлектердің барлығын біріктіру мен олардың әлеуметтік және іскерлік қызметіне жәрдемдесу болып табылады.

Бүгінгі таңда, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Түлектер Қауымдастығының» жұмыстары жалғасуда.

БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕРІМІЗ

Презентация1

Алпысов Ермек Амантайұлы

 Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. Университетті 2005 жылы Экономика мамандығы бойынша бітірген.

1

Айдын Ақанұлы Айымбетов

 Қазақ ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы (2015), Қазақстан Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры. «Қазақстан Қарайш Сапары» ҰК АҚ ғарыш жүйелерін құру және пайдалану жөніндегі вице-президенті. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ Басқарма төрағасы. 2006 жылы «Физика және ақпараттану» мамандығын бітірген.

2

Бопазов Марат Дарибекович

"QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы " АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. Университетті 2006 жылы Құқытану мамандығы бойынша бітірген.

4

Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы

Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі. 1990 жылы Педагогика және психология мамандығын бітірген, 2006 жылы Заңгер мамандығын бітірген.

5

Сансызбаев Арыстангали Кадырович

Алматы облысы әкімінің орынбасары (тағайындалғанға дейін-Алматы облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы). PhD философия докторы (ҚазҰУ 2011, Шығыстану арабист). Университетті 2017 жылғы ш Экономика және бизнес мамандығын бітірген.

6

Алпысбаев Рустам Алиевич

Жетісу облысы әкімінің орынбасары. Университетті 2017 жылы Экономика және бизнес мамандығы бойынша бітірген.

7

Бекіш Ұлан Абдилкаилұлы

"Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық" АҚ Бас директоры. Университетті 2009 жылы Информатика мамандығы бойынша бітірген.

8

Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы

"Nur Otan" партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыс әкімінің сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі кеңесшісі, "Жетісу адалдық алаңы"жобалық кеңсесінің жетекшісі.

Башбаев Айдар Карбозұлы

Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы. Мамандығы тарихшы, экономика және бизнес бакалавры.

10

Сапаров Елдар Қайсарұлы

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

Амиргалиев Ермек

Амиргалиев Ермек Еркенович

Алматы облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының бұрынғы басшысы. Экономист-менеджер.

Садуакасова Саида

Садуакасова Саида Асетовна

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының  Ақтөбе облыстық филиалы директоры. Университетті 2006 жылы "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығын бітірген.

Нұрсапа Асқар

Нұрсапа Асқар Серікұлы

Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі.

Бақытов Әділет

Бақытов Әділет Бақытұлы

Ауданаралық мамандандырылған қылмыстық соттың судьясы.

Жакупов Арсен

Жакупов Арсен Абзалович

Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің басқарма басшысы.

Боранбайұлы Ұлан

Ұлан Боранбайұлы

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының "Оқу орындарымен, жастар үкіметтік емес ұйымдарымен жұмыс және отбасылық құндылықтарды дәріптеу бөлімінің" басшысы.

Севастьянов Николай

Севастьянов Николай Владимирович

Алматы облысы полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының полиция капитаны аға инспекторы.

Капасов Мейрамбек

Капасов Мейрамбек Куанышевич

"Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы" МКҚК туристік қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің бастығы. Туризм мамандығы.

Абдрахманов Арман

Абдрахманов Арман Сералинович

Алматы облысы бойынша Соттар әкімшілігі соттардағы ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы. 2010 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығын бітірген.

Сыдықов Мурат

Мурат Маратович Сыдықов

«Алматы облысының Төтенше жағдайлар бойынша Департаменті» мемлекеттік мекеменің бастығының орынбасары, Азаматтық қорғаныс подполковнигі. 2019 жылы «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығын бітірген.

Ракымбеков Рауан

Ракымбеков Рауан Турдангазыевич

Алматы облысы әкімінің орынбасары. 2002 жылы «Экология» мамандығын бітірген.

Байжанов Биржан

Байжанов Биржан Досымханович

Алматы қаласы директорының орынбасары. ШЖҚ РМК облыстық филиалы. Республикалық электрондық орталық. 2008 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығын бітірген.

Ерболова Гүлнұр

Ерболова Гүлнұр

Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақ күресі, дзюдо және белбеу күрестен спорт шебері. Самбодан 4 дүркін Азия, қазақ күрестен Әлем чемпионы.

Жұмабаева Динара

Жұмабаева Динара Жунисбаевна

Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан спорт шебері. Самбодан 4 дүркін Азия чемпионы,Әлем чемпионатының қола, күміс жүлдегері.