Әскери есеп офисі

Әскери есеп офисінің мақсаты – университеттің әскери міндетті және әскерге шақырылушы қызметкерлерінің есебін толық және сапалы жүргізу .

Әскери есеп міндеттері
  • Әскери міндетті қызметкерлер мен әскерге шақырылушы қызметкерлердің сандық және сапалық құрамын анықтау;
  • Жергілікті әскери басқару органдарымен тығыз байланыста болу және қажетті мәліметтерді уақытылы беру;
  • Әскери міндетті қызметкерлер мен әскерге шақырылушылар арасында әскери есеп ережесін сақтауды қадағалау;
  • Офис жұмысының сапасын жақсарту мақсатында әскери есепті жүргізудің жаңа әдістерін енгізу;
  • Іс қағаздарын талаптарға сай жүргізу, мұрағатқа өткізуге дайындау және өткізу;
  • Шет елден оқуға келген азаматтарды тіркеу жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу;
  • Білімгерлерді университет жатақханаларына тіркеу жұмысын уақтылы жүргізу.
Офистің қызметі
  • Әскери міндетті және әскерге шақырылушы қызметкерлердің есебін толық және сапалы жүргізуді қамтамасыз ету;
  • Жұмысқа қабылданатын азаматтардың және оқуға қабылданатын әскерге шақырылушылардың әскери есепте тұруын анықтау;
  • Жұмысқа (оқуға) қабылдау кезінде әскери міндеттілердің әскери билеттерін, әскерге шақырылушылардың тіркеу куәліктерін тексеру;
  • Жыл сайын жергілікті әскери басқару органдарына 15-16 жастағы және тіркеу учаскесіне тіркелуге жататын азаматтар тізімін ұсыну;
  • Жергілікті әскери басқару органдарына жұмысқа (оқуға) қабылданған және жұмыстан (оқудан) шығарылған әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылар туралы мәлімет беру;
  • Білімгерлерге жергілікті әскери басқару органдарына ұсыну үшін анықтамалар беру;
  • Броньдауға жататын мамандықтар мен лауазымдар тізімдемесіне сәйкес әскери міндеттілерді броньдауды рәсімдеу;
  • Әскери міндетті және әскерге шақырылушы қызметкерлер арасында әскери есеп ережелерін сақтау бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізу;
  • Көші-қон полиция басқармасымен университетте оқитын шет ел азаматтарын тіркеу жұмысын уақтылы және сапалы жүргізу;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен білімгерлерді университет жатақханаларына уақытша тіркеу жұмысын уақтылы жүргізу.
БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

Бектемирова Раиса Дантаевна

Офис басшысы

+7 (701) 567-98-62 ;
Доп.вн. (1176)

bektemirova_rd@zhgu.kz

                            ТОЛЫҒЫРАҚ

Мырзабекова Әсем Сейжанқызы

Жетекші маман

+7 (701) 658-12-23 ;
Доп.вн. (1176)

asemoshka_93tk@mail.ru

                          ТОЛЫҒЫРАҚ