Байланыс және имидждік саясат орталығы
Орталықтың мақсаты –республикалық және шетелдік білім кеңістігінде университет имиджін қалыптастыру, университет қызметі туралы қоғамдық жағымды пікір қалыптастыру.
Міндеттері
- Университеттің жағымды имиджін қалыптастыруда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің стратегиясын ұстану және оны қатаң сақтау;
- Корпоративтік мүдделерге сәйкес контент қалыптастыру;
- БАҚ пен ақпараттық бағыттағы қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, мекемелердің арасында өзара байланыс орнату;
- Әлеуметтік желілерде университет имиджіне қатысты материалдар жариялау;
- Университет брендін насихаттау;
- Университеттің әрбір іс-шараларына ақпараттық қолдау көрсету.
Қызметтері
- Университет қызметі туралы жағымды имидж құру, аймақ, республика және халықаралық қоғамдастық деңгейінде ақпараттық кеңістікке қол жеткізу;
- Университеттің ақпараттық қызметіне талдау жүргізу;
- Баспасөз парағын, университет басшыларының баяндамаларын, үндеулерін, мақалаларын және басқа да материалдарын әлеуметтік желі, теледидар мен баспасөз құралдарына жариялауға дайындау;
- Жарнама материалдарын дайындау және жариялау (бейнероликтер, посттар, т.б ақпараттар).
БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМІЗ