Zhansugurov College-ке қалай түсуге болады?
Zhansugurov College-ке түсу үшін колледждің қабылдау комиссиясына өтініш беріп, белгіленген құжаттар тізімін тапсыру қажет. Қабылдау Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Өтініш беру үшін қандай құжаттар қажет?
Түсу үшін келесі құжаттар тапсырылады:
- Өтініш (қабылдау комиссиясында толтырылады);
- 3×4 өлшемдегі фотосуреттер (4 дана);
- Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік;
- 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- Әлеуметтік жағдайын растайтын құжат;
- 063/у нысаны;
- Баланың денсаулық паспорты;
- Аттестат.
Құжаттарды онлайн тапсыруға бола ма?
Иә, құжаттарды электрондық форматта тапсыруға болады. Өтініш берілгеннен кейін қабылдау комиссиясының қызметкерлері ақпаратты нақтылау үшін абитуриентпен байланысады.
Қабылдау мерзімдері қандай?
Құжаттарды қабылдау мерзімдері жыл сайын белгіленіп, колледждің ресми сайтында және қабылдау комиссиясының ақпараттық ресурстарында жарияланады.
Түсуге жас шектеуі бар ма?
Жас бойынша шектеу жоқ. Zhansugurov College-ке жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11 сыныптарын бітіріп, тиісті білім туралы құжаты бар абитуриенттер қабылданады.
Кіру емтихандары немесе тесттер тапсыру қажет пе?
Қабылдау ұсынылған құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Кіру емтихандары тек қабылдау қағидаларында көзделген жағдайларда ғана өткізіледі.
