- Қызмет туралы
Университеттің психологиялық қызметі білім беру процесінің барлық қатысушыларына — студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге — тегін әрі құпия түрде көмек көрсетеді.

Қызметтің мақсаты студенттердің психологиялық жайлылығын, сәтті бейімделуін және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету.
- Миссия
Психологиялық қызметтің миссиясы — білім алушылар мен қызметкерлердің тұлғалық, кәсіби және әлеуметтік дамуына ықпал ететін қолайлы психологиялық орта қалыптастыру.
- Негізгі қызмет бағыттары
* Жеке және топтық психологиялық кеңес беру
* Диагностикалық және алдын алу жұмыстары
* Бірінші курс студенттерінің бейімделуін психологиялық тұрғыдан қолдау
* Коммуникация, стрессқа төзімділік, эмоциялық құзыреттерді дамыту …
Психологиялық қолдау қызметінің мамандары:
Исламжанова Гульнара Балабековна
Педагог-зерттеуші, жоғары санатты практик-психолог. Дефектолог, игропрактик, биоэнергетикалық терапия, психодиагност маманы.
Email: psixolog64@mail.ru
Байланыс телефоны: +7 777 385 22 95
Маман тұралы:
Кәсіби қызметін қазіргі психологиялық-педагогикалық және ойын-практикалық әдістер арқылы тұлғаны зерттеу және дамытуға бағытталған.
Студенттерге жеке даму, бейімделу, эмоциялық қиындықтар мен күйзеліс жағдайлары бойынша психологиялық кеңес беріп, қолдау көрсетемін.
Мамандануы:
ойынға тәуелділік бойынша практикалық психология, психодиагностика, жеке және топтық кеңес беру.
Жұмыс барысында қолданатын әдістер:
* ойын-практика және МАК-сессиялар (метафоралық ассоциативтік карталар)
* биоэнергетикалық терапия — эмоциялық және энергетикалық тепе-теңдікті қалпына келтіру құралы ретінде
* тұлғалық ерекшеліктер мен мінез-құлық стратегияларын талдауға арналған диагностикалық әдістемелер
* когнитивті-мінез-құлықтық терапия
Басты мақсат— тұлғаның ішкі ресурстарын дамытуға, тәуелді мінез-құлықтың алдын алуға және жеке өсуге қолдау көрсету.
Жуматаева Арайлым Бекетайқызы
Психолог-консультант
Email: araylym.zhumatayeva@inbox.ru
Байланыс телефоны: +7 707 104 70 17
Студенттерге бейімделу, тұлғалық өсу және эмоциялық әл-ауқат мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес береді.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту, стрессқа төзімділікті арттыру және студенттердің түрлі қиындықтарды еңсеруіне қолдау көрсету бағытында жұмыс істейді.
Жұмысының мақсаты — сенімді атмосфера қалыптастыру және әр студенттің өз әлеуетін ашуына көмектесу.
ПСИХОЛОГПЕН БАЙЛАНЫС
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР МЕН БАЙЛАНЫС
211-кабинет, Бас ғимарат, 2-қабат
87773852295 (тәулік бойы)
Қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін, 9:00-ден 18:00-ге дейін
