Ыстамбұлға ғылыми іссапар
ЖТН BR27195163 «Қазақстанның мемлекеттік қызметінің ұйымдастырушылық мәдениетін трансформациялау архитектоникасы» ғылыми бағдарламасы аясында 2025 жылғы 12–17 мамыр аралығында Стамбул қаласындағы Yeditepe университетіне ғылыми іссапар жасалды. Басты мақсат – I халықаралық түркі мемлекеттері құқықтық конгресіне қатысу және ғылыми-сараптамалық жұмыстар жүргізу.
Ғылыми сапардың негізгі міндеттері:
- Мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық мәдениетін трансформациялау мәселесіне арналған зерттеу нәтижелерін баяндау;
- Yeditepe университетінің білім беру және зерттеу жобаларын бағдарлама тақырыбымен салыстыру;
- Зерттеушілермен тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты талқылау мақсатында кездесулер өткізу;
- Құқықтық трансформация, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және ұйымдық мәдениет бойынша ғылыми әдебиет және материалдармен танысу;
- Түркі мемлекеттерінің халықаралық тәжірибесін талдау, үздік тәжірибелерді Қазақстан контекстіне бейімдеу;
- Қазақстандық ғылыми күн тәртібін ілгерілету және отандық зерттеулерді халықаралық контекстке интеграциялау.
Ғылыми сапардың нәтижелері:
- Конгресс ғылыми кеңесінің жұмысына қатысу;
- IV сессияда «Государственная служба и права человека в тюркских государствах: соответствие требованиям современной конституции» баяндамасын ұсыну және модерациялау;
- Баяндама конгресс жинағына енгізіліп, жоғары баға берілді. Сондай-ақ, қатысушы сертификаты табысталды;
- Түркия, Әзербайжан, Венгрия, Косово, Кипр, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан ғалымдарымен ғылыми байланыстар орнатылды;
- Yeditepe университетінің қоғамдық құқық және басқару кафедраларының профессорларымен кездесулер өткізілді;
- Түркиядағы мемлекеттік қызмет трансформациясына қатысты салыстырмалы ақпарат жиналып талданды. Оның ішінде: этика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, цифрландыру, институционалдық реформалар бағыттары қамтылды;
- «Абай ат.ҚазҰПУ хабаршысы. «Құқықтану» сериясы №2, 2025 санына «Жергілікті өзін-өзі басқару контекстіндегі мемлекеттік қызмет: Түркия мен Қазақстан мысалындағы мәселелер мен шешімдер» мақаласы қабылданды;
- Бағдарлама аясында монографияның бөлімі әзірленуде;
- Түркия мемлекеттік қызметінің ұйымдық мәдениет моделінің ерекшеліктері анықталды және сараптамалық бөлімде пайдаланылады;
- Түркі ғалымдарымен бірлескен дөңгелек үстел немесе онлайн-семинар ұйымдастыру бастамасы талқыланды.
