СТАРТАП АКАДЕМИЯСЫ
Стартап Академияның мақсаты – университетте жас ғалымдарды және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер арасында кәсіпкерлік білім мен инновациялық әлеуетті дамыту, сондай-ақ прагматикалық, креативті және стандартты емес ойлау қабілеті бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
- Кешенді оқыту нысанында білім беру және консалтингтік іс-шараларды ұйымдастыру және инновациялық жобалардың авторлары мен қатысушыларына кәсіпкерлік саласында қажетті практикалық білім мен дағдыларды беру;
- Стартап мәдениеттің инновациялық экожүйесін ынталандыру және дамыту;
- Университет студенттері, магистранттары, докторанттары мен ғалымдарының коммерциялық әлеуеті бар идеяларын анықтау;
- Мамандандырылған көрме іс-шаралар (форумдар, съездер, конференциялар) арқылы жобаларды жетілдіру;
- Ғалымдарды кәсіпкерлік қызметке тарту;
- Бизнес-идеялар мен инновациялық жобаларды бағалауға тәуелсіз кәсіби сарапшыларды тарту.
- Кәсіпкерлік экожүйесін дамыту мақсатында кәсіби сарапшыларды, жетекші бизнесмендерді тарту жолымен семинарлар, тренингтер, кейстер түрінде іс-шаралар өткізу;
- Университеттің әрбір құрылымдық бөлімшелері мен факультеттерінде перспективалы инновациялық және бизнес-жобаларды іздеуді жүзеге асыру;
- Процесті көрсету мақсатында табысты инновациялық стартап-жобалардың PR және маркетингі;
- Көрмелер мен түрлі форумдар үшін жобалар туралы материалдар дайындауға қатысу;
- ЖОО-да стартаптарды дамыту бойынша мастер - класстар ұйымдастыру.
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жас жаңашылдар арасындағы "Zhetysu – Startup" жоғары оқу орнының жыл сайынғы инновациялық идеялар мен бизнес жобалар байқауы.
IT-стартап жобаларын әзірлеуге және іске асыруға 8 000 000 теңге мөлшерінде Astana Hub халықаралық технопаркінен грант.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранты аясында 180 миллион теңгенің жобасын коммерциализациялау.
Университетішілік жыл сайынғы стартап-жобалар мен инновациялық идеялардың «Jetisý - Startup» байқауы кәсіпкерлер мен жас инноваторлар арасында өтеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің жауапты хатшысының алғыс хаты.