ТІРКЕУ ОФИСІ
Тіркеу офисінің миссиясы — бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып сапалы тіркеу.
-
ЗадачиЗадачи
-
ФункцииФункции
-
ДостиженияДостижения
-
СотрудникиСотрудники
Міндеттері
- Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу;
- Университет білім алушыларының білімін бақылау;
- Білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алу және академиялық жазбаларды сақтау.
Қызметтері
- ПОҚ және бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алушыларды жаңа оқу жылының пәндеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу;
- Аралық аттестаттау кестесін жасау;
- Білім алушыларды аралық аттестаттау үшін тест тапсырмалары мен сұрақтар базасын толтыруды бақылау;
- Білім берудің барлық деңгейлері бойынша аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
- Университеттің білім беру бағдарламаларының академиялық күнтізбелеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері бойынша мониторинг жүргізу;
- Білім берудің барлық деңгейлері бойынша білім алушылардың білімін аралық бақылау және аралық аттестаттау қорытындыларын талдау;
- Мемлекеттік білім беру гранттары және жергілікті атқарушы органдардың гранттары негізінде білім алушыларға аралық аттестаттау нәтижелері бойынша шәкіртақы есептеу (бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» АЖ дерекқорын толтыру;
- «Қаржы орталығы» АҚ-да білім алушылардың академиялық кредиттерін игеру бойынша дерекқорды толтыру;
- Бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алушыларды курстан курсқа ауыстыру;
- Білім берудің барлық деңгейлері мен нысандары бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау кезінде салыстыру ведомостарын әзірлеу (білім беру бағдарламаларының ПОҚ-мен бірлесіп);
- Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша есеп әзірлеу;
- Smart Zhetysu білім беру платформасының «Тіркеу офисі» бағдарламалық құралдар кешенін толтыру процесін бақылау;
- Білім алушылардың оқу жетістіктері туралы академиялық жазбалар жүргізу;
- Тiркеу офисiнiң процестеріне бағдарламалық қамтамасыз етудi енгiзу.
- Тіркеу офисі қызметінің сапасын қамтамасыз ету және бақылау
БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
Нурашева Асем Темирхановна
Жетекші тіркеуші
+7 (728) 22-21-23
Қос.ішкі (1132)
Калиева Умитгул Акимжановна
Аға тіркеуші
+7 (728) 22-21-23
Қос.ішкі (1132)
Сартова Аида Елубаевна
Тіркеуші
+7 (728) 22-21-23
Қос.ішкі (1132)
