Жетісу университеті түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында кешенді жұмыс атқарады. Бүгінде жұмыспен қамту міндетін барынша сапалы және нәтижелі жүзеге асыру үшін бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі. Атап айтқанда
Дербес жұмысқа бөлу шарасы
"Жастар практикасы" бағдарламасы
"Алғашқы жұмыс орны" бағдарламасы
Бастамашыл жастарды қолдау
Сұранысқа сай жұмыс орнына бағыттау
Жұмыспен қамту міндетін нәтижелі орындауда түрлі ұйымдар және мекемелермен тұрақты негіздегі қарым-қатынас маңызды жұмыс бағытының бірі болып саналады. Университет өңірлік, республикалық, мемлекеттік және жекеменшік нысандармен ынтымақтастық негізінде әрекет етеді. Сонымен қатар бірнеше кәсіпкерлік субъектілермен де әріптестік байланыс бар. Бұл өз кезегінде жұмыспен қамтылған түлектер көрсеткішінің жоғарылауына негіз болады. Қазіргі уақытта Жетісу университеті ел көлемінде түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші бойынша көшбасшылардың бірі. Жалпы сандық көрсеткіштерді төмендегідей келтіруге болады.