І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің тарихи мұражайы

               Мұражайдың басты мақсаты —  зияткерлік, моральдық, мәдени және шығармашылық мүмкіндіктерін жандандыру, жалпыадамзаттық мәдениетке тәрбиелеу, университеттің корпоративтік дәстүрлерін сақтау, патриоттық және азаматтық тәрбие беру.

               Мұражай бір-біріне жалғаса орналасқан төрт залдан тарихи жәдігерлермен қоса университеттің заман талабына сай өркендеген келбетін көруге болады.

               Мұражай қорында төрт мың данаға жуық құнды жәдігерлер бар. Олар: баспа ақпараттар, фотоқұжаттар, қолөнер туындылары, көп жылдар бойы жемісті еңбек еткен университеттің оқытушылары мен қызметкерлерірінің жеке бастарына тиесілі заттары мен құжаттары.

              «І.Жансүгіров және университет» экспозициясы ерекше қызығушылық тудырады. Бұл бөлімде І.Жансүгіровтың әдеби мұражайының құрылу тарихымен, «Ілиястану» ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс барысымен және «Ілияс ізбасарлары» атты студент үйірмесінің жұмысымен, «Жансүгіров оқулары» ғылыми-тәжірибелік конференциясы жайлы мәліметтермен танысуға болады.

               Даңқты «Жетісу» халық ансамблінің шығармашылық өміріне арналған  экспозициясы екінші залда орналасқан. Ансамбль Германия, Латвия, Ресей, Өзбекстан, Испания, Франция, Қытай қалаларында концерт бергендері туралы  ақпараттар орналасқан.

               Университет ұжымына тапсырылған бейне кілт пен ауыспалы Қызыл Тулар осы мұражайдын көркі. 

               Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қою барысының көрністерін, халықаралық байланыстарының динамикасын, білім процессін   жетілдіру, факультеттердің  бүгінгі инновациялық  дамуын  және т.б. жетістіктерін  мұражайдан  көре аласыздар.

               Ортағасырдағы өмір сүрген Қаялық қаласы туралы экспонаттар мұражай мақтанышы. Ескі қаланың тұрмысынан сыр шертетін құмырылар, кірпіштер, ыдыс сынықтары, шыны бөліктері – университет студенттерінің археолгоиялық қазба жұмыстарындағы еңбектерінің жемісі.         

               Университет түлегі, ел мақтанышы,   ҚР ұшқыш-космонавт Айдын Айымбетовтің жеке құжаттары мен фото суреттері  мұражай көрмесінен өзіндік орнын алып тұр.             

               Мұражайдың көрнекті мазмұны өнер, мәдениет және спорт  шеберлерінің  жетістіктері,  бейне және фото құжаттар,   қолөнер туындылары, көп жылдар бойы жемісті еңбек еткен университеттің оқытушылары мен қызметкерлерінің жеке бастарына тиесілі заттары мен құжаттары толықтырады. Профессор-оқытушы құрамы да өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарын көрмеге қойып студент жастардың өнерге деген көзқарастарын тереңірек түсінуге үлкен үлес қосуда.  

               Мұражайдың кең көлемдегі экспозициялары университет факультеттері мен колледжінің тарихы мен дамуына арналған.

               Мұражайды қаламыздың  мектеп оқушылары, ата-аналар, шетелдерден келген қонақтар көріп, тамашалайды. 

              Толық мұражайдың жұмыс барысы туралы ақпараттар,  келген қонақтардың және білімгерлердің пікірлері, естелік сүреттер мен бейне түсірілімдерін @ ZHU_MURAJAI инстаграм аккаунтынан көре аласыздар.