Халықаралық ынтымақтастық орталығының Жетісу университетіндегі шетелдік студенттерге арналған қызметтері тізімі
- Визалық-миграциялық қолдау
- Қазақстанға оқу визасын алу үшін ресми шақыру хаттарын дайындау және беру.
- Виза режимінің талаптары, визаның жарамдылық мерзімі және шекарадан өту ережелері бойынша кеңес беру.
- Миграциялық қызмет органдарында тұратын жері бойынша тіркелуге жәрдемдесу. Визаны немесе уақытша тұруға рұқсатты ұзарту кезінде қолдау көрсету.
- Қазақстандағы шетел азаматтарының болу ережелері туралы хабардар ету (айыппұлдар, шектеулер, жауапкершілік).
- Шұғыл миграциялық жағдайларда сүйемелдеу (құжат жоғалту, шұғыл ұзарту қажеттілігі).
- Әкімшілік және ақпараттық қолдау
- Ресми анықтамалар мен хаттарды дайындау (оқуға қабылдау, оқу фактісі, жатақханада тұруды растау, банкке және т.б. арналған).
- Құжаттарға апостиль қою және заңдастыру, дипломдар мен сертификаттарды мойындау рәсімдері бойынша кеңес беру.
- Медициналық сақтандыру рәсімдеуге, банк шотын ашуға, ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) алуға көмек көрсету.
- Университеттегі және Талдықорған қаласындағы студенттік өмір туралы ақпараттық материалдар беру.
- Өтініштерді тапсыруға және онлайн-нысандарды толтыруға жәрдемдесу (мысалы, мемлекеттік порталдар үшін).
- Факультет деканаттарымен және университеттің басқа да әкімшілік бөлімдерімен байланыс орнату.
- Жеке қолдау
- Әрбір шетелдік студентке бейімделуге және тұрмыстық әрі академиялық мәселелерді шешуге көмектесетін куратор-тәлімгерді бекіту.
- Оқу, тұрмыс және мәдениетаралық коммуникация бойынша жеке кеңестер.
- Шұғыл жағдайларда қолдау көрсету: медициналық көмек, құжаттарды жоғалту, төтенше оқиғалар.
- Мәселелерді талқылау үшін Орталық қызметкерлерімен жеке кездесулер мен кеңестер ұйымдастыру.
- Студенттерге мемлекеттік құрылымдарға жүгінгенде (банктер, миграциялық полиция, медициналық ұйымдар) сүйемелдеу.
- Университет ережелері мен заңнамадағы маңызды өзгерістер туралы студенттерді жеке хабардар ету.
- Кері байланыс жүйесін құру: студенттерге кез келген уақытта Орталық қызметкерлеріне (онлайн және офлайн) жүгіну мүмкіндігі.
- Жетісу университетінің студенттік қауымдастығына шетелдік студенттердің интеграциялануына қолдау көрсету (кездесулер, шағын тренингтер және жеке кеңестер арқылы).
Байланыс ақпараты
Мекен-жайы: Жансүгіров көш., 187А
Email: intercenter@zu.edu.kz
Тел.: +7 7282 401019
