Ғылыми-метрикалық деректер базасы
Web of Science (WoS) – ғылыми журналдар мен патенттердегі жарияланымдардың реферативтік деректер базасын, оның ішінде жарияланымдардың өзара дәйексөздеуін ескеретін базаларды біріктіретін іздеу интернет-платформасы. 2016 жылға дейін жүйе Thomson Reuters компаниясына тиесілі болды. 2016 жылдың 3 қазанынан бастап жаңа тәуелсіз компания Clarivate Analytics басқарады. |
Scopus — библиографиялық және реферативтік мәліметтер базасы және ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалардың дәйексөзділігін қадағалауға арналған құрал. Scopus-ты әзірлеуші және иесі Elsevier баспа корпорациясы болып табылады. |
Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі (РҒДИ) — ресейлік ғалымдардың ғылыми жарияланымдарының библиографиялық дерекқоры және ғылыми мақалалардан дәйексөз алу индексі. |
Google академиясы (ағылш. Google Scholar) – барлық форматтағы және ғылым салаларындағы ғылыми жарияланымдардың толық мәтіні бойынша тегін іздеу жүйесі. |