Әскери есеп офисі
Әскери есеп офисінің мақсаты — университеттің әскери міндетті және әскерге шақырылушы қызметкерлерінің есебін толық және сапалы жүргізу .
Әскери есеп міндеттері
- Әскери міндетті қызметкерлер мен әскерге шақырылушы қызметкерлердің сандық және сапалық құрамын анықтау;
- Жергілікті әскери басқару органдарымен тығыз байланыста болу және қажетті мәліметтерді уақытылы беру;
- Әскери міндетті қызметкерлер мен әскерге шақырылушылар арасында әскери есеп ережесін сақтауды қадағалау;
- Офис жұмысының сапасын жақсарту мақсатында әскери есепті жүргізудің жаңа әдістерін енгізу;
- Іс қағаздарын талаптарға сай жүргізу, мұрағатқа өткізуге дайындау және өткізу;
- Шет елден оқуға келген азаматтарды тіркеу жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу;
- Білімгерлерді университет жатақханаларына тіркеу жұмысын уақтылы жүргізу.
Офистің қызметі
- Әскери міндетті және әскерге шақырылушы қызметкерлердің есебін толық және сапалы жүргізуді қамтамасыз ету;
- Жұмысқа қабылданатын азаматтардың және оқуға қабылданатын әскерге шақырылушылардың әскери есепте тұруын анықтау;
- Жұмысқа (оқуға) қабылдау кезінде әскери міндеттілердің әскери билеттерін, әскерге шақырылушылардың тіркеу куәліктерін тексеру;
- Жыл сайын жергілікті әскери басқару органдарына 15-16 жастағы және тіркеу учаскесіне тіркелуге жататын азаматтар тізімін ұсыну;
- Жергілікті әскери басқару органдарына жұмысқа (оқуға) қабылданған және жұмыстан (оқудан) шығарылған әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылар туралы мәлімет беру;
- Білімгерлерге жергілікті әскери басқару органдарына ұсыну үшін анықтамалар беру;
- Броньдауға жататын мамандықтар мен лауазымдар тізімдемесіне сәйкес әскери міндеттілерді броньдауды рәсімдеу;
- Әскери міндетті және әскерге шақырылушы қызметкерлер арасында әскери есеп ережелерін сақтау бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізу;
- Көші-қон полиция басқармасымен университетте оқитын шет ел азаматтарын тіркеу жұмысын уақтылы және сапалы жүргізу;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен білімгерлерді университет жатақханаларына уақытша тіркеу жұмысын уақтылы жүргізу.