«ALAKOL-AKSHI TOUR» ақпараттық-анықтамалық мобильді web қосымшасы мен сайтын құру

Жобаның атауы: «ALAKOL-AKSHI TOUR» ақпараттық-анықтамалық мобильді web қосымшасы мен сайтын құру.

Қазақстандағы туризм ұлттық экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Туристік өнімді дамыту үшін ақпарат тасымалдаушылары ретінде туризм индустриясының кәсіпорындары дәстүрлі түрде газет-журнал басылымдарын, радио мен теледидарды пайдаланады. Дегенмен, жыл сайын Интернет туристтік ақпаратты тасымалдаушы ретінде алғашқы орынға шығып келеді. Туризмнің қазіргі жағдайы жаңа интернет-шешімдерді, бағдарламаларды пайдалану арқылы даму үстінде  және қазіргі уақытта қолданылатын технологияларға тікелей байланысты, бұл жаңа қызмет көрсету салаларын құруға және қолданыстағыларды жақсартуға әкеледі. Көптеген тұтынушылар туристік компанияға хабарласпай, интернет арқылы осы немесе басқа қызмет түрлерін іздеуді және тапсырыс беруді жөн көреді.

Жоба туристерге үш тілде сенімді ақпарат беруге мүмкіндік береді және қызметтерді жылжытуға көмектесетін тиімді құрал  болып табылады. Анықтамалық-ақпараттық қолданба демалыс аймағын автоматтандыруға арналған тамаша шешім, пайдалану оңай, функционалдылыққа бай, жылдам орнатылады және тұтынушылармен жұмыстың қозғалысын толық бақылайды. Қолданбаны компанияның қызметіне біріктіру көбірек тұтынушыларды тартуға, олармен қарым-қатынасты жақсартуға, пансионаттар туралы хабардарлықты арттыруға және компанияның мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі. Сонымен қоса ақпараттың үлкен қабаттарын жүктеп алуға, өзгертуге және ештеңені жіберіп алмауға мүмкіндік беретін демалыс аймағының иелеріне дерекқорға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Іздеу үшін қажетті критерийлерді белгілей отырып, турдың толық сипаттамасымен, бағаға не кіретінін, қандай қосымша төленетінін тізімдей отырып, тұтынушылардың талаптарына жауап беретін операторлардан ұсыныстар алады.

Қолданба демалыс аймағының жұмысын барлық бағыттар бойынша жақсартуға мүмкіндік береді: клиенттермен жұмыс, қаржы, есептер және негізгі көрсеткіштерді талдауға және одан әрі дамытуға қатысты дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты: Қазақстанда ішкі туризмді дамыту және туристерді Алакөл-Ақши жағалауындағы пансионаттар, мәдени орындар туралы үш тілде ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-анықтамалық мобильді web қосымша мен «ALAKOL-AKSHI TOUR» сайтын құру.

Жобаның міндеттері:

  • Алакөл-Ақши жағалауларындағы пансионаттар, мәдени орындар туралы ақпараттар  жинау;
  • Мобильді қосымшасының құрылымын жобалау;
  • Alakol-Akshi tour — мобилді қосымшасын және сайтын құру;
  • Қосымшаны тестілеуден өткізу, апробация жасау.

Жобаның жаңашылдығы: Жағдайы жасалған пансионат құны туристік аймақта жаз айында қымбат болатыны бәрімізге белгілі. Туристер арасында үш мезгіл тамағымен, бағасы орташа пансионаттар сұранысқа ие, ал  туристік фирмалар көп жағдайда үлкен қонақ үйлермен жұмыс жасайды. Осындай пансионаттар өздерін жарнамалау үшін инстаграмда өз парақшаларын құруға мәжбүр. Сондықтан, біз өз жұмысымызда Алакөл-Ақши жағалауларындағы пансионаттар туралы, мәдени орындар және тамақтанатын орындар туралы толық ақпарат алатын, яғни  туристердің  сұраныстарын  қанағаттандыратын орталықтандырылған ақпараттық-анықтамалық жүйе құруды шештік. Себебі, Алакөл-Ақши жағалауларындағы пансионаттар, мәдени орындар  бойынша жылдам ақпарат алуға болатын орталықтандырылған жүйе әлі құрылмаған.

Күтілетін нәтижелер:

  • «ALAKOL-AKSHI TOUR» акпараттық-анықтамалық мобильді web қосымшасы мен сайты құрылады;
  • Алынған ғылыми нәтижелер Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index Web of Science базасына кіретін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 25 (жиырма бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақалада жарияланады;
  • Авторлық құқықты тіркеу туралы куәлік алынады.

Жобаның ғылыми жетекшісі:

Болат Бауржан, техникалық ғылымдар жоғары мектебінің 4 курс студенті.

Зерттеу тобының мүшелері:

Советбекова Асель Аслоновна,  техникалық ғылымдар жоғары мектебінің 2 курс студенті.

Тоқтаған Бекзат Маратұлы,  техникалық ғылымдар жоғары мектебінің 2 курс студенті.