«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ» БАЙҚАУЫ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Менің Қазақстаным – менің мақтанышым» атты байқауы өтті.

Жарыс эссе жазу, өлең шығару және арнайы бейнематериал даярлау секілді үш бағытты қамтыды. Оған жоғары мектептің 1-4 курс білімгерлері белсенді қатысты.

Байқау қорытындысы өлең жазу бойынша жүлделі ІІІ орынды Әділқан Ақбота, ІІ орынды Молдатайырова Лаура, І орынды Қаби Гүлназ иеленді. Ал, бейнероликтер даярлауда ІІІ орынды Жұмабаева Милана, ІІ орын Тойлыбаева Еркежан, Өміржан Анель І орынды қанжығалады. Эссе жазу бағытының қорытындысы төмендегідей болды: ІІІ орын Жандар Жансая, ІІ Оразхан Аяжан, І орын Қинаят Гүлназ.

Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!