ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өткен Жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas ǵalym» конкурсында шетел тілдері және аударма ісі бойынша білім беру бағдарламаларының оқытушылары Дюсебаева Самал Бериковна, Доскельдина Айдана  Серікболқызының «Деңгейлік онлайн платформа арқылы шетел тілінде тыңдалым және  айтылым дағдыларын қалыптастыру» атты ғылыми жобалары мақұлданды. Қаржыландыру сомасы – 1 300 000 теңге.

Жас ғалымдарды құттықтаймыз! Сіздерге қол жеткізілген жетістіктерге тоқтамай, жаңа ғылыми белестерді бағындыруды тілейміз!