«JETISU STARTUP» БАЙҚАУЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

2023 жылғы 01 қарашада Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі студенттері арасында «Jetisu Startup» байқауының іріктеу кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты: студенттердің ғылыми-инновациялық қызметін насихаттау және ынталандыру; перспективалық зерттеулер мен әзірлемелерді дайындау, дарынды жастарды анықтау және қолдау.

Байқауға «Жетісу өлкесінің гео-әдеби жерлерін насихаттау», «TourMap: Талдықорған қаласының киелі жерлері», Английская разговорная кофейня Cofeetalk, «Қазақи нақышта», «Телеграм бот: Қазақстан тарихының кезеңделуі мәселелері», «Антикафе» сынды тақырыптарда стартап жобалар ұсынылды.

Іріктеу кезеңінен өткен 5 стартап жоба университеттің «Jetisu Startup» байқауына жолдама алды:

  1. Ақыт Нұрмұхамет, Айдынқызы Дильназ, Жарасова Айнура, Жанай Ақбота – (73 балл). Ғылыми жетекшісі: магистр Калиева Б.Т.
  2. Өміржан Анель Иембердиева Талшын – (73 балл). Ғылыми жетекшісі: магистр Тумабаева М.Б.
  3. Мулкибаева Маржан – (72 балл). Ғылыми жетекшісі: PhD Жабыкбаева Д.М.
  4. Асылбекұлы Абзал Абжапар Диас – (67 балл). Ғылыми жетекшісі: магистр Калиева Б.Т.
  5. Қаби Гүлназ, Емберген Зарина, Құнанбайқызы Аида – (63 балл). Ғылыми жетекшісі: магистр Сулейменова Г.С.